Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Самокат пен велосипедті сақтандырғаннан не ұтамыз?

Самокат пен велосипедті сақтандырғаннан не ұтамыз?

Жазатайым оқиғаны ешкім күні бұрын сезіп білмейді. Ертеңінің қамын жасайтын кей азамат үшін "Күтпеген жайт – тек басқаның бас ауруы, мен ешқашан қатерге ұшырамаймын" деп жүре беру - жауапсыздық. Еңбекке жарамсыз болып қалу немесе біреудің алдында жауапты болу қатерін сақтандыру олар үшін міндетті қызметтердің қатарында.
Қазіргі уақытта бір ғана Алматының өзінде 20 мыңдай велосипедші мен самокатшы бар. Соңғы кездері тұрғындар электр самокатты көбірек пайдалана бастады. Оған бұл көлік түрінің артықшылығы себеп болса керек. Электр самокат мінcеңіз, кептелісте тұрмайсыз. Көлік құжаты (әзірше), жанармай қажет емес. Аяғыңызға ешқандай күш түсірмей, бір батырманы басып, сағатына 120 шақырымға дейін жететін жылдамдамдықпен құйғытуға мүмкіндігіңіз бар. Әрине, жол жүру ережесін сақтау – міндет. ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мамандарының мәліметінше, электр самокат иелері мопед жүргізушілеріне теңестірілген, яғни полиция қызметкерлері ереже бұзған электр самокат иелерін әкімшілік жауапкершілікке тарта алады.
Алматы әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, 2018 жылы қалада велосипедшілер мен самокатшылардың қатысуымен 114 жол-көлік оқиғасы тіркелген, 12 адам жарақат алып, екі адам қаза тапқан. Ал 2019 жылдың бірінші тоқсанында сегіз оқиға болған, сегіз адам жарақат алған. Бұл статистика велосипедші мен самокатшыны сақтандыру мәселесінің өзекті болып тұрғанын көрсетеді.
Бір жыл бұрын осындай оқыс оқиғаға тап болған алматылық Ернар Бекенов самокатшыларды сақтандыратын қызмет түрін іздепті. Сақтандыру компанияларының барлығына дерлік хабарласып шыққан соң Қазақстанда велосипедшілер мен самокатшыларды сақтандыру қарастырылмағанын түсінген.
Былтыр күзде жұбайым самокаттан құлап, қолын сындырып алды. Сол кезде сақтандыру компанияларына қоңырау шалып, осындай жағдайға қатысты қызметінің бар-жоғын сұрастыра бастадық. Өйткені ойда жоқта оқыс жағдайға, белгілі шығындарға тап болдық. Бірақ бірде-бір компаниядан мұндай қызмет түрі табылмады. Тіпті, ұқсас қызмет те болмады, – дейді ол.
Бір жылға жуық уақыт өткеннен кейін Ернар Қазақстанда велосипед пен самокат иелерін сақтандыру қызметі қосылғаны туралы жаңалықты байқап қалған. Мұндай қызмет түрін Amanat сақтандыру компаниясыәзірлеген екен.
Компанияға барып, полис рәсімдедік. Айналасы 10 минуттың ішінде барлық құжат дайын болды. Полис бағасы қолжетімді: жеті айға – 6 500 теңге. Сақтандыру лимиті 1 миллион теңгеге дейін барады, яғни оқыс оқиға болса, осы сома аясында төлем алу мүмкіндігі бар. Әрине, жазатайым жайтқа жеткізбесін. Бірақ полисті алғаннан кейін бір сенім пайда болады екен. Велосипедке қарағанда самокат қауіптірек. Тежегіші, жылдамдығы, басқару жүйесі басқаша. Оны велосипед пен самокатты қатар қолданып жүрген адам түсінеді. Велосипедті басқару анағұрлым икемдірек. Десе де, Қазақстанда екі көлік түріне де сақтандыру қызметінің іске қосылғанына қуандым, – дейді Ернар Бекенов.
Amanat сақтандыру компаниясы ұсынған өнім екі секциядан тұрады: жазатайым оқиғалардан сақтандыру және үшінші тарап алдындағы жауапкершілікті сақтандыру. Өнім шарты бойынша жалпы сақтандыру лимиті – 1 миллион теңге. Оның 800 мың теңгесі жазатайым оқиғалар бойынша залалды жабады. Сақтандырылған адам механикалық жарақат немесе 14 күннен артық емделуді қажет ететін буын шығару, сіңір созып алу, қол-аяққа соққы алу секілді зақым алса, полис іске қосылады.
Бір айта кетерлігі, Amanat ұсынып отырған өнім аясында жазатайым оқиғаларды сақтандыру тек самокат немесе велосипедке қатысты қолданылмайды. Басқаша айтқанда, компания жаяу серуендеп жүріп жарақат алған клиенттің де шығынын өтейді.
Сақтандырылған адамның басқалар алдындағы жауапкершілігі бойынша лимит – 200 мың теңге. Мысалы, велосипедпен немесе самокатпен жол жүріп бара жатқан компания клиенті басқа адамның мүлігіне зиян, зақым келтірсе, Amanat іс жүзіндегі шығынды 200 мың теңгеге дейін өтейді. Компания өкілдерінің айтуынша, Amanat қамқорлықты, достықты әрдайым басты орынға қояды. Велосипед пен самокат иелеріне мұндай сақтандыру түрін ұсынудың басты себебі – осы қамқорлық.
Өнім туралы “7310” нөміріне хабарласып, толығырақ біле аласыз. Ұялы телефоннан хабарласу тегін.

baribar.kz

16 шілде 2019 ж. 474 0