Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Барлық партаға жазып кететін": Жігер Ауыпбаев өзін өлердей сүйген қыз туралы

"Барлық партаға жазып кететін": Жігер Ауыпбаев өзін өлердей сүйген қыз туралы

Жігер Ауыпбаев өзін өлердей сүйген қыз туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Өнер мен өмір" бағдарламасына сілтеме жасап.

Бала кезін есіне алған Жігер Ауыпбаев алғашқы махаббаты туралы айтып берді. Бір қызығы, өнер иесі емес, қыздың өзі алғашқы болып ниет білдірген. Барлық партаға атын жазып, ғашық болғанын жеткізген қыз туралы әншінің өзі айтып берді. 
"Жігер, 11а сынып оқушысы мен сені сүйемін деп кәдімгідей ойып тұрып партада жазылған. Артында Айгерім деп тұр. Сонымен жанымда отыратын Абзал деген досымнан сұрадым "Мына қыз кім?" деп. "Білмеймін, Айгерім деген көп қой" деді ол. Сөйтіп, тарих кабинетіне, қазақ тілі әдебиеті қабинетіне барсақ та, қай кабинетке барамыз мен отыратын барлық партада тура солай жазылып тұрады", - дейді Жігер Ауыпбаев.  
Ол қыздың кім екенін сұрастырып жүріп біліп алған Жігер Ауыпбаев Айгерім есімді аруды қалай күткені туралы жеткізді. Қызды көрген кезде қуанғанын да жасыра алмады өнер иесі. Осылайша, Жігер Ауыпбаев махаббатты сезініп жүрген кездерін есіне алды.
"Кейіннен қай сыныпта оқитынын біліп, досымнан сұрадым. "Досым, көрсетемін саған. Ол түстен кейін оқиды, екеуіміз қалайық" деді Абзал. Жақсы деп бүкіл балаларды алып қалдық. Сабақ біткеннен кейін мектептің алдында мұрнымыз қамыстай болып отырмыз ғой. Алыс жақта екі қыз келе жатқан. Жай кім екенін сұрай салғанмын. Сөйтсем, "Ей, сол ғой" деді. Риза болып қалдым", - дейді Жігер Ауыпбаев.



27 маусым 2019 ж. 1 250 0