Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » КӘСІПТІҢ КӨЗІН ТАПҚАН

КӘСІПТІҢ КӨЗІН ТАПҚАН


Берекенің көзі – кәсіпте. Талай сөздің төрелігін айтып, даулы додада дуалы сөзімен, шешендігінің арқасында күрмеулі істің шешімін тапқан Төле би өз заманында «Кәсіп болмай, нәсіп болмас» деп кәсіпкерліктің пайдасын пайымдап кеткен екен.
Иә, расында да, бүгінгідей нарықтық заманда жеке кәсіп ашып, шаруаның шырайын келтіріп жүрген жастар жетерлік. Солардың бірі – Азамат Ілиясов. Ол өткен жылдың жел­тоқсан айынан бастап аудан орталығынан екі бөлмелі ғимаратты жалға алып, «Дәмді донер» деп аталатын шағын асхана желісін іске қосты.
Жас кәсіпкер мектепті аяқтағаннан кейін, «Қаржыгер» мамандығы бойынша білім ал­ған. Кейіннен мамандығына етене жақын бір кәсіп көзін ашуды жоспарға қояды. Сөйтіп, жанындағы жолдасы Қанат Ерболат екеуі іске кірісіп те кетеді. Ашылғанына көп болмаса да қазіргі таңда әр күн сайын бұл асханадан 50-ден аса тұрғын дәм татады. Келушілерге жайлы орын әзірлеп қойған. Көпшілікке адал қызмет пен дәмді өнімдерінің арқасында алғысқа ие болуда.
– Алдағы жоспарым – осы істі кеңейтіп, өзімізді де өзгені де жұмыспен қамту. Кәсіпкерлікке арналған мемлекет тарапынан қарастырылған бағдарламалар аясында жұмыс істеу ойда бар. Сонымен қатар, тек кент орталығында ғана емес, өзге елді мекендерден де асхана желісін ашқымыз келеді. Шағын кәсіппен тоқтап қалмай, үлкен жобаларға да бет бұратын боламыз, – дейді жас кәсіпкер.
Кез келген кәсіпті қолға алып, өрістеткендерден «бұдан зиянын көрдік» дегенді естіген жоқпыз. Керісінше, мемлекеттің қолдауына ие болып, кәсіптерін барынша үлкейтуге тырысып жатыр. Ал мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау аясында бағдарламалар жетерлік. Тек мүмкіндікті құр жібермеу маңызды.
Көпшілігі кейде кәсіп бастауды қиынсынып жүреді. Өйткені, ол істі айналдырып кетемін дегенше қыруар шаруа күтіп тұрады. Иә, шаруа оңайшылықпен жүрмейді. Еңбектеніп, маңдай термен тапқан нанның тәтті болатыны содан. Ал Азамат секілді жастар еш қорықпастан кәсіпті бастап кетті. Соның арқасында дәмді өнімдерімен ел алғысына бөленіп үлгерді. Біз жас кәсіпкердің кәсібіне береке тілейміз.

Айгерім ҚАНЖАРБАЕВА,
ҚМУ-дың II курс студенті

07 маусым 2019 ж. 852 0