Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » САТУШЫ СӘУЛЕ

САТУШЫ СӘУЛЕ


Елбасы биылғы Жолдауында: «Адам еңбекқор болып өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табысы артады. Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз» – деп атап өткен болатын. Сәкендік жеке кәсіпкер Сәуле ханым еңбекқорлығының арқасында кәсібін дөңгелетіп, отбасының жақсы өмір сүруіне өмірлік қосағы Серікпен бірге игі ықпал жасап отыр. Ол ауылда мектеп бітіргеннен кейін Қызылорда ауылшаруашылық техникумының бухгалтер мамандығы бойынша оқуға түскен. – Жолдасым Серікпен бір сыныпта оқыдық. Студент кезімізде жүрек қалауымен қосылып, шаңырақ көтердік. Ол Алматыда Қазақ ауылшаруашылық институтының агрофагында, мен Қызылордада оқыдым. Техникум бітіргеннен кейін, ата-енемнің қолында өз мамандығым бойынша аз-кем жұмыс атқарып, енем Съезкүлдің тәлімгерлігімен сатушылыққа бет бұрдым. Осы кәсіпте келе жатқаныма биыл отыз жылға жуық уақыт болыпты, – дейді С.Тоқсейітова. Қазақта «Келін қайынененің топырағынан жаралған» деген жақсы тәмсіл бар. Съезкүл апа екі қоғамда сауда саласында жұмыс жасап, өз кәсібінің майталман маманы болған жан. Сәуленің сатушылық қызметі Одақ кезінде басталып, нарықтық қатынастың қиын кезеңінде жалғасты. – Халықта ақша жоқ, той мен құдайыға азық-түлікті қарызға беріп, малға да сауда жасадық. Сөйтіп мал жинадық, оны бордақыға қойып саттық. Кәсіпті игеру жолында тынбай іздендік. №бүгінде оның жемісін көріп отырмыз, – дейді кәсіпкер Сәуле.
Кішкентай дүкеннен басталған кәсіп Бүгінде қанатын кеңге жайып, Арықовтар отбасы ұлының есімімен «Жандос ШҚ» құрып алды. Олар «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасымен несие алып, төрт түлік мал өсіріп, жүз гектардан астам егіні де бар. Шаруашылықты Жандос басқарады. Бес бала тәрбиелеп өсірген Арықовтар отбасы кәсіптерінен нәсіп тауып, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған еңбекқор жандар.
ШаҺарбек НҰРСЕЙІТОВ
18 қазан 2018 ж. 1 498 0