Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Қазақстанда шапалақпен ұрудан тұңғыш рет турнир өтеді

Қазақстанда шапалақпен ұрудан тұңғыш рет турнир өтеді

Жекпе-жек бес раундтан тұрады.

Петропавлда тұңғыш рет шапалақ ұрудан турнир өтеді. Көңіл көтерудің мұндай әдісін екі жас жігіт – Әділхан Шуканов пен Сергей Швец ойлап тауыпты, деп жазады Zakon.kz.

"Жарыс өткізудің нақты ережелерін енгіздік, әлеуметтік желілерде топтар құрдық. Бәрі сәтті шықса, турнир өтеді. Көңіл көтеруге де, табыс табуға да мүмкіндік," – дейді Әділхан.

Сергейдің айтуынша, жарыс ережесі өте қарапайым. Біріншіден, қатысушылардың жасы 18-ге толған болуы тиіс, екіншіден, ешкім ауыр жарақат алып қалмауы үшін шапалақ-соққы толық алақанмен емес, саусақ ұштарымен жасалады. Жекпе-жек бес раундтан тұрады, қатысушылардың бірі жеңілісін мойындамаса, жеңімпазды бес раундтан кейін төрешілер анықтайды. Ұйымдастыршулардың айтуынша, турнирде медициналық қызметкер болады.

Алайда өзге елдердің мұндай турнир өткізу тәжірибесі көрсеткендей, шапалақтан ауыр жарақат бола қоймайды. Мұндай турнирлер АҚШ-та өте танымал. Былтырдан бері Ресейде де бірін-бірі шапалақпен ұрудан чемпионат өте бастады.


07 маусым 2019 ж. 629 0