Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Өміріңізді қызыққа толтыратын жаңашылдық қажет. Ол жаңа жұмыс, ерекше хобби немесе шынайы махаббат болуы мүмкін. Бүгін сіздің жолыңыз болады. Сондықтан мүмкіндікті пайдаланып қалыңыз.

Торпақ
Белсенділік танытып, спорттық шараларға қатысыңыз. Шалт қимылыңызбен көпшілікті таңқалдырып, таңдай қақтырасыз. Күнді қаншалықты белсенді өткізсеңіз, соншалықты өзіңізді жақсы сезінетін боласыз.

Егіздер
Күш-қуатыңыз азайып, иммунитетіңіз төмендейді. Соның салдарынан аздап сырқаттанып қалуыңыз да мүмкін. Дерттің алдын алу үшін спортпен шұғылданыңыз. Денсаулығыңызды күтіңіз.

Шаян
Сүйіктіңізге деген махаббатыңыз арта түседі. Оған қызықты оқиға немесе шытырман жағдай әсер етуі мүмкін. Дәл қазіргі сәтте сүйікті адамыңыз маральды және материалды тұрғыдан қолдауды қажет етеді.

Арыстан
Таңертеңнен ерлі-зайыптылар арасында өзгелерге еліктеушілік болады. Бірақ көп ұзамай өзіңіздің танытып жүрген қылығыңыздан шаршап, жолдасыңызды жақтыртпай қаласыз. Ұрыс-керістен аулақ болыңыз.

Бикеш
Стратегиялық жоспар құруға қолайлы күн. Алдағы күндеріңізді жоспарлап, мақсатыңызға қарай бет аласыз. Тұралап қалған жендеу жұмыстарын аяқтап, пайда әкелетін жобаны жүзеге асыра бастайсыз.

Таразы
Қызықты күн болмақ. Отбасы сіздің бар байлығыңыз. Шулы әрі, қызықты отбасылық мереке ұйымдастырасыз. Бірақ біреумен әзілдескенде абай болыңыз. Кейбір адамдар әзілді жүрегіне жақын қабылдауы мүмкін.  

Сарышаян
Көңіл-күйіңіз құбылмалы болады. Көңілшектігіңіз ұстап, көңіліңіз босайды. Ұстамды болыңыз. Сонымен қатар қарыздарыңыздан тез арада құтылуға тырысыңыз. Әйтпесе, қарызға одан әрі батуыңыз мүмкін.

Мерген
Отбасылық мәселелер туындап, сіз оларға мән бермеуге тырысасыз. Алайда шыдамыңыз таусылып, оларды шешуді қолға алуды жөн санайсыз. Жұмысбасты болғаныңызбен үй шаруасына да көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Тауешкі
Ішпыстырарлық күн. Бастығыңыз көп тапсырма беріп, оның орындалуын мұқият қадағалайтын болады. Тапсырманы жауапкершілікпен атқара біліңіз. Сонда ғана сіздің еңбегіңіз жоғары деңгейде бағаланатын болады.

Суқұйғыш
Бүгінгі күн қарама-қайшылыққа, кикілжіңге толы күн. Тек түске дейінгі уақытта ғана сабырлылық сақтай аласыз. Мұнан кейін шыдамыңыз таусылып, айналаңыздағыларға қарсы шығасыз. Барлық мәселені ақылға салыңыз.

Балықтар
Табандылығыңыз бен күш-жігеріңіздің арқасында қаржылық жағдайыңыз жақсара түседі. Бұл күні маңызды іскерлік келіссөздер жүргізіп, пайдалы істі қолға аласыз. Бойыңыздағы энергияңызды табыс табуға жұмсаңыз.

kyzylorda-news.kz
03 маусым 2019 ж. 493 0