Жұлдыздар не дейді?
Кейбір адамдармен байланысыңызға сынмен қарайтындар болады. Бүгін шынайы боласыз, әрі адамдарға ең жақсы қасиеттеріңізді көрсететін боласыз. Қоғамдық істерге белсенді араласып, бала тәрбиесіне көңіл бөліңіз.
Торпақ
Бүгін орын алатын оқиғалардың барлығы өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін жақсартуға көмектеседі. Тұйық мінез танытудың қажеті жоқ. Отбасыңыз сіздің ашық болғаныңызды қалайды. Сондықтан қуанышыңызды бөлісіңіз.
Егіздер
Бүгін жолыңыз болады. Барлығы сіз қалағандай болып, мақсатыңызға жетесіз. Енді алдағы күндерге жоспар құрып, жаңа істерді қолға алыңыз. Сонымен қатар денсаулығыңызға көп көңіл бөліңіз.
Шаян
Күнделікті күйбең тірлікпен айналысып уақытыңыз өтеді. Басыңызда бар бақытты бағалай біліңіз. Бақыт құсын қолдан ұшырып алмаңыз. Отбасыңызға мерекелік дастархан әзірлеп, оларды бір қуантыңыз.
Арыстан
Ғашық жандар бір-біріне өз сезімдерін білдіріп, махаббат үшін күресуге тырыспайды. Барлығын «өмірдің өз ағымы көрсетеді» деп ысырып тастайды. Бірақ жұлдыздар сезімді ішке бүкпеген дұрыс дейді
Бикеш
Жұлдыздар бүгін сіздің күшіңізді тексеретін болады. Өзіңізге не қажет екенін біле аласыз. Ең алдымен орындау керек маңызды шаруаларды алдыңғы шепке шығарыңыз. Содан кейін басқа жұмыстарды істей беріңіз.
Таразы
Бүгін сіз үшін сәтті күн. Отбасыңызда жағдай өте жақсы. Бұл сізге қуаныш сыйлайды. Балаларыңыз да сізді қуантатын болады. Жақындарыңызға уәде беруден аулақ болыңыз. Тек бастаған істі соңына дейін жеткізіңіз.
Сарышаян
Біліміңізді жетілдіруге құлшынысыңыз артып, жаңа идеялар пайда болады. Еңбегіңіз жемісті болмақ. Мемлекеттік мекемелерге өтінішпен кіріп, шаруаңызды шеше аласыз. Жұмыс орнын ауыстыруыңыз да мүмкін.
Мерген
Бүгінгі күн сіз үшін өте қиын болады. Сізге қызғанышпен қарайтындар бар. Олардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Жол сапарға шықпаңыз. Алыстағы танытарыңызбен хат жазыспағаныңыз жөн.
Тауешкі
Бүгінгі күн сіз үшін өте жақсы. Жеке өміріңізде жолыңыз болып, айыңыз оңынан туады. Тек өзіңізге не қажет екенін анықтап алыңыз. Алдағы күндерге жоспар құрып, болашағыңызға бағдар жасаңыз.
Суқұйғыш
Бүгін белсенділік танытпайсыз. Бұл күтпеген оқиғаларға тап болуыңыздан болар бәлкім. Сіз ойламаған жағдайлар туындап, жоспарларыңыз бұзылуы мүмкін. Барлық істі асықпай, өз жөнімен атқарыңыз.
Балықтар
Әріптестермен басқосуға қолайлы күн. Жаңа қызметке ауысуыңыз мүмкін. Жаңа басшылықпен келіссөз жүргізіп, құжаттарға қол қоясыз. Жаңа жұмыс, жаңа бастамалар күтіп тұр.
kyzylorda-news.kz