Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Айыңыз оңынан туады. Осы мүмкіндікті пайдаланып қалыңыз. Жұмыста айтарлықтай жетістікке жетіп, ісіңіз өрге домалайды. Жұмыста тәжірибесі мол адаммен танысып, пайдалы ақпаратқа қанық боласыз.  

Торпақ
Барлығы сіз ойлағандай болмайды. Күніңіз ішпыстырарлықтай өтеді. Одан қашып құтылу мүмкін емес. Өз ісіңізден гөрі өзгелердің жұмысына көп көңіл бөлу қажет болса еш ренжімеңіз. Айналаңыздағыларға көмектесіңіз.

Егіздер
Күніңіз сәтті өтеді. Өзіңіз талпынып жұмыс жасайтын болсаңыз, табысқа тез жетесіз. Дегенмен үлкендердің ақыл-кеңесіне құлақ түріңіз. Жұмыс кезінде көп шаршайсыз. Сондықтан жиі-жиі үзіліс жасап, күшіңізді қалпына келтіріп отырыңыз.

Шаян
Жұлдыздар сіздің жағыңызда. Сондықтан бүгін қызықты және жағымды жаңалықтар көп естейсіз. Айналаңыздағы жандармен тіл табысу оңай, сіз оларды айтқызбай-ақ түсінетін боласыз.

Арыстан
Күніңіз сіз ойлағандай өтпеуі мүмкін. Дегенмен ештеңеге алаңдамай жұмыс жасайтын болсаңыз, жетістікке жетуге болады. Мәселені шешу кезінде ұсақ-түйекке мән беріңіз. Сіз іздеген жауап сонда болуы мүмкін.  

Бикеш
Соңғы уақытта кейінге қалдырып жүрген жұмысты қолға алу керектігін ұғасыз. Бұл қиын тапсырманы жүзеге асыратыныңызға сеніміңіз мол. Уақытыңызды тиімді пайдаланып үйреніңіз. Кешті жақын адамыңызбен өткізіңіз.

Таразы
Көптен бері ойға алған істі жүзеге асыруға қолайлы күн. Сонымен қатар ойларыңыз бір жерден шығатын жандармен бірлесуге және олармен жаңа бастама бойынша келіссөздер жүргізуге болады.  

Сарышаян
Тыныш күн. Асықпай ескі шаруаларыңызды бітіріп, жаңа жобалар бойынша жұмысқа да кірісуге болады. Жақындарыңыз сізге қолдау көрсетіп, ақыл-кеңестерін береді. Бүгін сізді тосынсый күтіп тұр.

Мерген
Барлық ойларыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Жұмысқа икемі бар адамдармен серіктес болыңыз. Кейде кикілжіңдерге тап боласыз. Өзіңіз туралы өзгелерге айтуға қорықпаңыз. Барлығы сіз туралы білгісі келетін болады.

Тауешкі
Бүгінгі күнді тыныштықта өткіземін деп ойласаңыз, ол ойыңыз жүзеге аспайды. Жұлдыздар сіздің жақта болғанымен барлығы сіз ойлағандай болмайды. Сондықтан күнді жақсы өткізу үшін көп күш салуыңызға тура келеді.

Суқұйғыш
Алдыңызға қандай мақсат қойсаңызда, пікірлестердің көмегінсіз оған жету мүмкін емес. Бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қолайлы күн. Әсіресе жаңашылдыққа ұмтылатын жандар үшін мүмкіндік мол.

Балықтар
Бүгінгі күніңізді жақсы істерге арнаңыз. Қонақ күтіңіз, отбасылық мереке ұйымдастырыңыз және ескі таныстарыңызбен кездесіңіз. Достарыңызбен кездесу көңіл-күйіңізді көтереді.

Дайындаған Динара МАХАНОВА

kyzylorda-news.kz
28 мамыр 2019 ж. 676 0