Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН КІШКЕНТАЙ ҚУЛЫҚТАР

ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН КІШКЕНТАЙ ҚУЛЫҚТАР

«Аяғым ұзын болып көріну үшін не істеймін?», «Арық көріну үшін қалай киінген дұрыс?», «Беті домалақ қыздарға қандай ойығы бар кофта жарасады?» - қыздардың сұлулық жайлы сұрақтары ешқашан таусылмаған. Кейбіріне бүгін жауап табылды. 

1) Ақшыл сары туфли мен қысқа белдемше аяқтарыңызды ұзын етіп көрсетеді; 

2) Жамбастың толықтығын тік пішіндегі шалбарлар мен джинсылар жасырып тұрады; 

3) Егер беліңіз жіңішке, бірақ жамбасыңыз жалпақ болса, онда сізге клеш джинсы мен белге тағылған белдік жарасады; 

4) Киімдегі ұсақ суреттер сырттан кішірейтіп көрсетеді, ал үлкен суреттер керісінше ірілетіп көрсетеді; 

5) Ұзын көйлектер мен белдемшелер бойыңызды қысқартып көрсетеді; 

6) Формасыз киімдер кез келген пішінді бұзып тұрады; 

7) Басы домалақ, өкшесі біздей туфлилер аяғыңызды жіңішке етеді; 

8) Ал басы үшкір туфлилер аяқтарды толықтау етіп көрсетеді; 

9) Қара колготкилер (50 деннен аспайтын) аяқтарыңызды бір-екі келіге азытады, ал қара аяқ-киіммен үндескенде аяқтарыңыз ұзара түспек; 

10) Ашық түсті колготкилер керісінше аяқтарыңызды толығырақ әрі қысқарақ көрсетеді. Бірақ, ақ сары туфлимен ұзынырақ көрінеді; 

11) Мөлдір блузка сырт көзге барлық артықшылықтарыңызды да, кемшіліктеріңізді де көрсететінін ұмытпаңыз; 

12) Егер киімдерді үйлестіре алу қасиетіңіз болмаса, классикалық стильдерге жүгініңіз; 

13) Үш түс ережесі: бейнеңізде үштен артық жасаушы пайдаланбаңыз, әйтпегенде елдің күлкісіне қалуыңыз мүмкін; 

14) Шаш үлгіңіз гардеробыңыздағы киімдермен үйлесуі керек; 

15) Егер бірнеше иіс су пайдалансаңыз, иіс суды киіміңізге сеппеңіз. Иіс бір ай бойы сақталуы мүмкін; 

16) Бет пішіні домалақ қыздарға V-түріндегі ойықтар келеді, ал домалақ ойық сопақ бетті қыздарға жарасады; 

17) Бір ғана стильдегі киімге құмар болмаңыз, әйтпесе бейнеңіз уақыт өте келе қызықсыз болып қалады; 

18) Ботфорты аяқтарды қысқартып көрсетеді; 

19) Футляр пішінді көйлек арық қыздарға да, толық пішінді қыздарға да жарасады. Бірақ жіңішке белді және биязы жамбасты қыздардың үстінде тіпті керемет көрінеді.

22 мамыр 2019 ж. 2 037 0