Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас киімді бетіңіздің формасына сәйкес таңдай біліңіз!

Бас киімді бетіңіздің формасына сәйкес таңдай біліңіз!


Суық күнде киетін бас киімнің тек жылулықпен бірге әдемі образды да қатар сыйлауы керек. Ол үшін бас киімді дұрыс таңдай білу маңызды. Макияж, киім, көзілдірік... жалпы барлығы дерлік мүсін мен беттің формасына тікелей байланысты.
Бүгін біз беттің формасына қарап, бас киімнің жарасымды үлгілерін ұсынамыз.
Cопақша келген бет формасына барлық бас киім үлгісі жарасады деуге болады. Сондықтан күмәнданбай кез келген қалпақ, беретке, бөрік, орамалдың кез келген түрін қолдана беруге болады. Бірақ ескеретін бір дүние, көлемі үлкен бас киімдерден алыс болғаны дұрыс.
Үшбұрышты бет формасына қысып тұратын бас киімдер жараспайды және тоқыма бас киімдерді де сатып алмай-ақ қойғаны абзал. Оларға жиегі үлкен емес шляпо, бір түсті береткалар мен құлақты жабатын бауы бар қалпақтар жарасады.
Дөңгелек жүзді аруларға да бас киімді ұзақ таңдауға тұра келеді. Беті мен маңдайы үлкен қыздарға жиегі қысқа шляпо пен маңдайын жауып тұратын киімдерге жоламағаны дұрыс. Керісінше бір құлағы ашық тұратын беретке мен алдында ғана жиегі бар қалпақтар қонымды. Бет пішіні квадратқа ұқсас қыздарға теріден тігілген қалпақтар ажарын аша қоймайды. Пішіні төртбұрышқа жақын бас киімдер де жараспайды. Ал тебесі биіктеу шляполар мен береткелер көркіңізді келтіреді. 
ernur.kz        
13 қазан 2018 ж. 1 501 0