Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бет формасына сәйкес шашты қалай сәндеу керек?

Бет формасына сәйкес шашты қалай сәндеу керек?


Адамның бет-пішініне сәйкес (формасы) шаш сәні ескерілуі тиіс. Сондықтан, әркімнің өзінің ерекшелігіне байланысты көзге көрініп тұратын мінін жасыру үшін шаш қию, түюде осы жағы есте болғаны жөн.
 
Сопақша бетте маңдай шаштың бұйра болмағаны дұрыс. Егер маңдай өте жоғары болса, кекіл қалдыруға болады. Мүмкін болса шаштың ұзындығы иек тұстан аспай, екі жаққа бөліп таралғаны дұрыс. Сонда бетті толықтырып көрсетеді. Иыққа түсіп тұрған шаш сопақша бетті одан әрі ұзартып көрсетеді.
Үшбұрыш формалы бет
Шаштың аздап ұзындау болып, ұсақ толқынданып, құлақты жауып тұрғаны жарасымды. Мұндай жағдайда сәнделіп, аздап бұйраланған кекіл маңдайдың жоғарылығын білдірмейді. Құлақтың тұсындағы толқынданған шаш иек тұсты толықтырып көрсетеді.
Жалпақ бет
Шаштың бетті одан сайын жалпақ етіп көрсетуі қарастырылады. Ол үшін құлақ тұстағы шашты (егер құлақ үлкен болмаса) жинап қояды. Маңдай тұсты ұзарта түсу үшін кекілді көтеріңкі етіп сәндеу керек.
Дөңгелек бет
Қысқа қиылған шаш жарасады, сондай-ақ желкедегі шашты көтеріп, құлақты ашып қойған дұрыс.
Өте кең және тар маңдай
Маңдай өте ашық болса шашты сәндеп қана түсіріп қояды, ал тар маңдайда шаш жоғары көтеріліп, биік етіп түйілсе тіпті жақсы.
Мұрныңыз үлкен болса маңдай шаштың дұрыс таралуына көңіл бөлу керек. Сондай-ақ құлақты жауып, толқындана бұйраланған шаш әдемі жарасады. Шаштың желке тұсы да толқын түрінде таралғаны дұрыс.
Желке, мойын мен иықтың да шаш формасына елеулі әсері бар. Қысқа және жуан мойындыларға шашты жоғары көтеру жолымен ұзартуға болады. Ал жіңішке әрі ұзын мойынды желке тұстағы шашты сәндеп түсіріп қою жолымен толықтырған дұрыс.

http://anabol.kz/

08 тамыз 2018 ж. 3 060 0