Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алтын сақинаны қалай таңдау керек, қалай күтім жасау керек?

Алтын сақинаны қалай таңдау керек, қалай күтім жасау керек?


Көптеген әйел заты үшін алтын сақина бұл тек қана әшекей бұйым емес. Бұл некенің, тығыз отбасының түйінінің белгісі. Неке сақинасының иесі болуы әрбір ару армандайды. Қымбат металлдардан сақинаны қалай таңдау керек.
Ең бірінші критерий, өте қарапайым – сақина, ең алдымен өзіңізге ұнауы тиім. Тіпті ең қарапайым сақина болса да, оны өз сүйіктіңіз сыйға тартқан болса, оны саусағыңыздан шешкіңіз келмей қуанып жүресіз. Дүкендерден әшекей бұйымдарды таңдау кезінде дұрысы өз талғамыңызға қарай бағытталыңыз.
Барлық сақиналарды шартты түрде «күнделікті» және «ерекше жағыдайларға арналған» деп бөліп қарастыруға болады. Күнделікті сақинаны таңдау кезінде, жіңішке және тассыз немесе тасы кішірек түріне көңіл бөліңіз. Мұндай сүйкімді бұйым кез келген киіммен және аксессуарлармен әдемі үйлеседі. Мерекелер үшін бұйым – яғни үлкен тасты, әдемі суретті және фигуралы бұйымдар – жақсылап таңдауды қажет етеді, оларды кеңселерде таға алмайсыз.
Қолдың және саусақтардың формасын да ескеру керек. Жіңішке, ұсақ тасты сақиналарды көбіне жас қыздар және қолдары кішкене қыздар тағады. Ұзын саусақты стандартты қол үшін, кез келген бұйымды таңдауға болады. Толық келген саусақты қолға дөңгелек пішінді тасты үлкен емес өлшемді сақиналар үйлеседі. Мұндай таңдау кезінде, саусақтар біршама жіңішке және ұзынша болып көрінеді.
Алтын сақинаны қалай күтіп ұстау керек?
Барлық бұйым дұрыс күтімді қажет етеді. Ал ережелері қарапайым:
Лас жұмыстарды атқарған кезде сақинаны шешіп қою керек. Бояу және тырнақ бояуларынан, еріткіш және майлардан – алтын бұйымдарды алыс ұстаған абзал.
Қымбат металлдардан жасалған барлық бұйымдарды тазалау керек. Олар терімен жанасқан кезде тер немесе маймен қапталады, өзінің жылтырағыштығын жоғалтып, өңі кетеді. Сұлулығын қалпына келтірудің әдістері сан алуан, алайда бір ережені есте сақтаңыз – қымбат тасты, күрделі безендірілген бұйымдарды, дұрысы арнайы бұйым салондарына апарып тұрыңыз. Ал қарапайым сақинаны тазалау, азғана құпиясын білсеңіз болғаны, үлкен мәселе туғызбайды.
Ең алдымен сабынды суда бұйымдарды жарты сағатқа қалдырып қойыңыз. Сосын жұмсақ щеткамен тазалап қоясыз. Дақтарды және май іздерін арақтың, бензиннің, мүсәтір спиртінің көмегімен жоюға болады. Бағалы қолда бар тазалау құралы бұл – ерін далабы. Осы косметиканың құрамына кіретін, титан диоксиді, қара дақтарды оңай кетіреді. Далаптың аз ғана бөлігін мақта дискіне жағып алтын бұйымда ақырындап ысқылаймыз.
Алтын бұйымға дұрыс күтім жасау оның өміршеңдігін ұзартады.


06 шілде 2018 ж. 2 980 0