Жұлдыздар не дейді?
Әрдайым айтқаныңыз бола бермейтіндігіне ара-тұра болса да мойынсұнғаныңыз жөн. Бірбеткейлік арманыңызды орындауға кесірін тигізуі мүмкін. Мұны сізге іскерлік қарым-қатынаста ғана емес, отбасы жағдайында да ескеруге тура келеді.
Торпақ
Отбасылық жағдайыңыз ойдағыдай. Қарбалас жұмыс жүйкеңізге біраз салмақ салуы мүмкін. Дегенмен бұл жағдай айналаңызға әсерін тигізбегені жөн. Әйтпесе, кейбір әріптестік қатынастарға сызат түседі.
Егіздер
Сіздің аса талапшылдығыңыз бен шыдамсыздығыңыз жұбайыңызбен арадағы жанжалға себеп болуы мүмкін. Ол бала-шағаны да алаңдатады. Бүгін кішкентайларыңызға көбірек көңіл бөлуіңіз керек.
Шаян
Үй шаруасын өзіңіз күрделендіріп алмаңыз. Күрделі жөндеу, қосымша құрылыс деген сияқты жұмыстарды кейінге шегере тұрған дұрыс. Одан гөрі отбасы мүшелерімен ақылдасып алыңыз.
Арыстан
Зергерлік бұйым, сәнді киім немесе жақындарыңыздың біріне сыйлық сатып алу барысында қалтаңызға салмақ салмаңыз. Әйтпесе, қомақты қаржы жұмсалып кетуі мүмкін.
Бикеш
Босқа уақыт жоғалтпаңыз. Телефон арқылы мазаңызды алатындар көп. Елдің көңіліне қарап, өз жағдайыңызды ұмытып кетпеңіз. Бос уақытыңызды тек жақын адамдарыңызға жұмсаңыз.
Таразы
Бастамашылық белсенділігіңіз арта түспек. Өз бағаңызды біліп, өзіңізге деген сеніміңіз нығая түседі. Бұған қызғанышпен қарайтындар бар. Сауда-саттықта жолыңыз болады.
Сарышаян
Қарым-қатынаста сақ болыңыз. Әсіресе сапар барысындағы кездейсоқ таныстарға сенім білдіруге асықпағаныңыз жөн. Көзсіз сенім кесірін тигізетіні белгілі. Бүгін тартымдылығыңыз арта түседі.
Мерген
Алаңсыз, бейқам өмірдің ағысына түсіп, азғантай уақытқа "жоғалғыңыз" келеді. Көтеріңкі көңіл-күй іздеп, достардың ортасына, сауық орындарына асығасыз. Көңілді сәттерге көп ақша жұмсап жібересіз. Сіз үшін бастысы ақша емес.
Тауешкі
Өз мүмкіндігіңізге қарай жұмыс жасаңыз. Әйтпесе әбігерге түсіп қалуыңыз мүмкін. Бұл жағдаят қызмет барысына байланысты орын алуы мүмкін. Басшылықпен, беделді тұлғалармен қарым-қатынастың түзу болғаны дұрыс.
Суқұйғыш
Күнделікті тірлік барысында заңға қайшы әрекеттерден сақтаныңыз. Көлік жүргізгенде жолда жүру ережесіне барынша мұқият болыңыз. Интернеттегі байланыста шетелдік немесе басқа аймақтың адамдарымен қарым-қатынас жасағанда абай болыңыз.
Балықтар
Жағдай тұрақсыз. Қаржылық шығындар болуы мүмкін. Қымбат тұрмыстық техника немесе көлігіңіз бұзылып қалып, оларды жөндеу үшін едәуір қаражатты желге ұшырасыз.
kyzylorda-news.kz