Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Ұзақ жол сапар немесе табиғат аясында демалу жүйке жүйенің шаршағанын басады. Жұлдыздар романтикалық қарым-қатынастарыңызды және қызығушылықтарыңызбен айналысуға кеңес береді.

Торпақ
Жаңа жұмыс бастауға, саяхаттауға өте қолайлы күн. Көптен қолға алуды ойластырып жүрген жоспарыңызды тездетіп іске асырыңыз. Оның әкелер табысы көп. Қайсыбір істі бастасаңызда алға басарына сеніңіз.

Егіздер
Жаңа жобаларды енгізіп, іскерлік бастамаларды қолға алуға қолайлы күн. Бүгін сіздің бойыңыздағы талант өз деңгейінде бағаланатын болады. Сондай-ақ бұл күні автокөлік немесе заманауи техника алсаңыз таңдауда қателеспейтініңіз анық.

Шаян
Бүгін жағымды жаңалықтар күтесіз. Барлығы сіз ойлағандай болады. Сырт келбетіңізге мән беріңіз. Бүгін техникалық бұйымдар алмағаныңыз дұрыс. Себебі, саудаңыз сәтті шықпауы мүмкін.

Арыстан
Екінші жартыңыздың сізді қаншалықты жақсы көретіндігіне көз жеткізесіз. Бүгінгі күні театр немесе киноға барып бой сергітіңіз. Ал басы бос «тоқтылар» біреуді өзіне ғашық етеді. Жаңа таныстықтар ұзақ уақытқа жалғасады.

Бикеш
Бүгінгі күн ағзаңызды тазартуға, әсіресе асқорыту жүйесін қалыпқа келтіруге мүмкіндік туып тұр. Өміріңіз бір сарынды болмасын десеңіз, бүгін ұсақ-түйек жұмыстарды ғана істеңіз. Бұл жұмыстарды тез, әрі оңай жасай аласыз.

Таразы
Айналаңыздағы адамдар туралы пікіріңізді және өз көзқарастарыңызды өзгертудің қажеті жоқ. Түсініспеушіліктің салдарынан жұбыңызбен келіспей қалуыңыз мүмкін. Жалқаулығыңыз ұстап, қиялға да ерік бересіз.  

Сарышаян
Бүгін өзіңізге демалыс жариялап, қызықты уақыт өткізесіз. Достарыңызбен кездесу ұйымдастырыңыз. Не болмаса театрға, мұражайға барыңыз. Бұдан сіздің көңіл-күйіңіз көтеріліп, күш-қуатыңыз қалыпқа келеді.

Мерген
Бүгін қиын тапсырмалардың өзін оңай орындай аласыз. Бұл күні болашағыңыздың іргетасын қалайтын күн. Алға қойған жоспарлар жұмысқа да, отбасылық жағдайға да қатысты болмақ.

Тауешкі
Әріптестермен бірлескен шаралар өткізуге және отырыс жасауға қолайлы күн. Күні бойы көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Жағымсыз жаңалық жағдайды өзгертіп, жүйкеңізге тиюі мүмкін.

Суқұйғыш
Бұл белгідегі нәзікжандарды бүгін біраз үйдің шаруасы шаршатады. Сонымен қатар отбасылық мәселелер де сізді алаңдатпай қоймайды. Аздап шығындалып қалуыңызда мүмкін.

Балықтар
Бүгін сәтті күн. Материалдық жағдайыңыз жақсарту үшін бар күшіңізді саласыз. Жұмысыңызда әлдекімге уәде берген болсаңыз, оны орындауға тырысыңыз. Әйтпесе, қиындық туындауы мүмкін.

kyzylorda-news.kz
07 наурыз 2019 ж. 642 0