Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Күтпеген жерден ақшалы боласыз. Іскерлік кездесу де, жеке кездесу де жақсы көңіл-күйде өтеді. Егер өзіңіз қаласаңыз, жаныңыздағы адамдарға оңай ұнай аласыз. Денеге күш түсіретін ауыр жұмыс істемегеніңіз дұрыс. Сондай-ақ алыс жолға шықпаңыз. Маңызды мәселелердің шешімін шығарамын деп әуреге түспеңіз.  

Торпақ
Бүгін жұмыс бастан асады. Сізді бүгін біреу қонаққа шақырады немесе үйіңізге әлдекім шақырусыз келеді. Егер күніңізді алдын ала жоспарлаған болсаңыз, қабақ түймей, қонақтарға қабақ шытпағаныңыз дұрыс. Сонымен қатар бүгін біраз шығындаласыз. Бұл шығынның өз қайыры бар.

Егіздер
Алдағы күндерді ойлап, жоспар құрыңыз. Дәл қазіргі сәтіңізде кейбір кедергілер болмаса, барлығы да өз орнымен жалғасуда. Ал кедергілерді уақыт өте келе жеңе аласыз. Сонымен қатар көптен бері ойға алған ісіңізді жүзеге асырасыз.

Шаян
Бүгін батылдық пен табандылық танытыңыз. Кез келген жағдайда артқа шегінбейтініңізді айналаңыздағылар білсін. Сүйікті адамыңызбен романтикалық кездесу ұйымдастыруға қолайлы күн. Жаныңызға жақын адаммен тіл табысу қиынға түседі. Маңызды мәселелерді шешуді ойласаңыз, оны кейінге қалдырыңыз.

Арыстан
Сақ болыңыз. Дәл қазір бей-жай қараған мәселе кейін үлкен дауға айналуы мүмкін. Бүгін барлығы сіз жоспарлағандай болмайды. Кейбір жоспарларыңызды кейінге қалдыруға тура келеді. Тіпті кей ойларыңыздан айнып қалуыңыз да мүмкін. Іскерлік басқосулар өз пайдасын тигізеді. Жаңа серіктестер табасыз.

Бикеш
Маңызды мәселелерді бірыңғайлап алыңыз. Ұсақ-түйек тірліктерді кейінге қалдырыңыз. Бұрынғы қарсыластарыңызбен кездейсоқ кездесіп қалуыңыз мүмкін. Сіз олармен алдағы уақытта бірлесіп жасайтын жұмыстарыңызды ақылдасатын боласыз. Отбасындағы жағдай қиындау.

Таразы
Батыл болыңыз. Ешкімнен көмек күтпей, өзіңіз барлық шаруаны шешесіз. Жақын адамдарыңыз бірде мақтап, бірде даттайды. Олардың не ойлағанын біліп болмайсыз. Бұл, әрине, сіздің жүйкеңізге тиеді. Кешқұрым – демалуға қолайлы сәт. Сондықтан кешке қарай қонаққа баруды жоспарламағаныңыз дұрыс.  

Сарышаян
Шыдамды болыңыз. Мақсатқа жету үшін барыңызды салыңыз. Әлбетте, діттеген мақсатқа жетуде аздаған кедергілер болуы мүмкін. Бұл сіздің шамыңызға тиеді. Алайда сіз өз күшіңізге сенесіз. Түстен кейінгі уақытта жақындарыңызбен аздаған кикілжіңдер туындауы мүмкін. Ұстамды болыңыз.  

Мерген
Көпшілікпен жұмыс жасағаннан гөрі, жалғыз өзіңіз жұмыс істегеніңіз дұрыс. Сіз үшін серіктестермен және көмекшілермен жұмыс істеу қиынға соғады. Себебі олар қателіктерге көп бой алдырады. Кейбір «мергендер» мүмкін еместі жасап көруге тырысады. Алайда онысынан түк шықпайды.

Тауешкі
Өткен күндерді еске алатын күн. Өзіңіздің және өзгелердің қылығын еске түсіріп, болашақта қателіктерге бой алдырмауға тырысасыз.  Ескі іскерлік қарым-қатынастарды жүзеге асырасыз. Бұл болашағыңызды жарқын етпек. Жеке өміріңізде біраз өзгерістер орын алуы мүмкін.

Суқұйғыш
Табысқа жетуге аз қалды. Бірақ тәуекелге баруға тура келеді. Сіздің кейбір қылықтарыңыз сырт көзге оғаш көрінеді және оны сізге біреу айтатын болады. Алайда еш алаңдамаңыз. Жұмысыңыздың нәтижесі жақсы болмақ. Жан-жақтан қызықты ұсыныстар болуы мүмкін.

Балықтар
Жаңа іс бастағаннан гөрі, атқаруға тиіс қолдағы жұмысты аяқтаңыз. Сіздің ісіңізге көп адамдар араласуы мүмкін. Көпшіліктің назарынан тыс қалдырғыңыз келген ақпарат тарап кетеді. Бұл сіздің көңіл-күйіңізді түсіреді. Отбасыңызда күрделі мәселелерді шешіп, оларды қызықтырған сауалдарға жауап іздеп, ортақ іске қатысты жұмыс жоспарын құрасыз.

kyzylorda-news.kz
28 ақпан 2019 ж. 1 089 0