Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЫШАНЫ БІРЛІКТЕ

ТҰРАҚТЫЛЫҚ НЫШАНЫ БІРЛІКТЕ

Мемлекетіміз тәуелсіз ел болғалы екінші мәрте өтетін кезектен тыс Президент сайлауы өтетін күн белгіленді. Аса маңызды саяси науқан барынша ашық, әрі әділ өтетіндігіне Президент Қ.Тоқаевтың өзі кепілдік білдірді.
Еліміздің басына нағыз ұлтжанды, әділетті, сыбайлас жемқорлықтың бетін қайтара алатын, халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға бар мүмкіндікті іске қоса алатын, ел байлығын жалпыға ортақ игілік ете алатын Қазақстан азаматы келеді деген сенімдеміз және сол үшін дауыс беруге дайынбыз.
Жауапты науқанды үлкен де, жас та терең сезініп, бір кісідей атсалысуы тиіс.Себебі еліміздің болашағы, оның берекелі тірлігі ел тізгінін қолына алатын азаматтың қолында болады. «Бірлік бар жерде тірлік бар» дегендей халқымыздың келешектен үміті зор. Бүкіл әлем көз тіккен тұста елдегі тұрақтылық пен бейбітшілік нығая түсіп, ауызбірлігімізді көрсетуге тиіспіз деген ойдамын.
Есназар Бағдат
Аудандық мәслихат депутаты
11 сәуір 2019 ж. 1 067 0