Біз шаншар (салт)
Кең-байтақ Қазақстан даласында салт-дәстүрлердің қызықты түрлері көп. Бірақ олар бір-бірінен онша алшақ емес. Соның бірі – «бізшаншар». Еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында «жаушы» орынына осы «бізшаншар» салты қолданылады. Ақсақал-қарасақалы аралас бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды, ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде бір топ адам бұлай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен анасы қонақтар отырған жерді қарап, одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл «бізде ұл, сізде қыз бар» құда болайық дегенді білдіреді.