Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйел әдебін біле жүріңіздер!

Әйел әдебін біле жүріңіздер!


-Жас келіндер қара шаңырақтың немесе ақсақалы бар үйдің төріне шықпайды.

-Әйел адам орындыққа отырғанда аяғын айқастырмайды

-Әйел адамдар көп алдында керілмейді

-Бұрынғы кезде жас келіншектер ерте тұрып, ауылдағы үлкен үйлердің түндігін ашқан

-Келіндер келін болып түскен жеріндегі адамдардың атын атамайды.

-Қайнылары мен қайынсіңілілеріне өзі жеке ат қояды

-Халық дәстүрінде ер адам шашын өсірмейді, әйел шашын қимайды

-Жүкті әйелге күлу – әдепсіздік

-Аса бір тығыз шаруасы болмаса әйелдер отырған жерге ерлер, еркектер отырған жерге әйелдер кірмейді

-Қазақ дәстүрінде туыстығы жоқ ер мен әйел оңаша отырмайды

-Келіндер қайынжұртының үлкен адамдарына иіліп сәлем жасаған

-Келіндер үлкен кісілерден қайтқан табаққа сәлем жасаған

-Бала ата-ананың, келін ененің сөзін екі етпейді

-Қазақ әйелдері еркектер отырған жаққа көз салмайды

-Әйелдер жолаушының, еркектің алдын кесіп өтпейді

-Қазақ әйелдері кісіге тіке қарап отырмай, қырындап отырған

-Қазақ әйелдері күйеуінің атын атамаған, оның айтқандарын мүлтіксіз орындап, бетіне қарсы келмеген

-Қызы босанғанда шешесі кәдесін алып баруға міндетті

-Әйел дұғаны ішінен оқиды

-Ақсақал, ата-ене, қайынаға алдында дауыс көтеріп сөйлемейді

-Әйел ерте тұрады

-Әйелге ер адамның міндеттері жүктелмейді

-Әйел адам кісі бетіне, әсіресе бейтаныс адам бетіне бажырайып қарай бермейді

-Тұрмысқа шыққан әйел жалаңбас жүрмейді

“Қазақ халқының салт-дәстүрлері” энциклопедиясынан

Муса Нұрила Оралбайқызы



11 қараша 2018 ж. 1 230 0