Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәстүрлі үйлену тойы

Дәстүрлі үйлену тойы


1. Қыз таңдау. Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиіс қасиеттер
бағаланған соң, жігіттің қасындағылар оның әке – шешесіне сездіреді.
2. Қыз айттыру. Жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызыңның
қарғы бауына » деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.
3. Жаушы жіберу. Жаушы шалбарының бір балағын етігінің қонышына
сыртына шығарып, екініш балағын қонышқа сұғындырып, ақ түсті атқа мініп, қыздың үйіне келіп, «қарағым көрпе сал» деп бұйырады. Қыз үйі жаушыға «шеге шапан» кигізеді.
4. Құда түсу тойы. Жігіттің туған – туысқандары құдалыққа қыз апуылына
барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық – бауыр жегізу, құда тарту, ұн жағу т.б. орындалады.
5. Есік – төр көрсету тойы. Қыздың туған – туысқандары жігіт ауылына
қарсы тойға барады. Құда түсу тойындағы кәделер қайталанады
6. Ұрын той. Күйеу баланың қалындығымен кездесуіне мүмкіндік туғызу
үшін ұрын той өткізіледі.
Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, қыз қашар, күйеу қашырар, желі тартар, ит ырылдар,
бақан саларо, үйге кірер,кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек салар, қыз құшақтатар, шаш сипар, көрпе қимылдатар кәделері алынады.
7. Қыз ұзату тойы. Ат байлар,құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар,
туырлық жабар, түндік жабар, отау байғазысы кәделері алынады.Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі қиылады.Түрлі ойын – сауық өткізіледі, жар – жар айтылады.Қыз аттанарда «сыңсу» айтады
8. Келін түсіру тойы. «Беташар» айтылады. Той негізінен қыз
ұзату тойымен бірдей өткізіледі

13 ақпан 2018 ж. 2 932 0