Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Бүгін өте сезімталсыз. Жұлдыздар психология ілімі туралы кітаптарды оқуға кеңес береді. Ойлау қабілетіңіздің шекарасын кеңейтіңіз. Бассейнге барыңыз.  
Торпақ
Бүгінгі күн сіз үшін ауыр болады. Сізге ашкөздік танытатындар бар. Олардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Жол сапарға шықпаңыз. Алыстағы танытарыңызбен хат жазыспағаныңыз жөн.  
Егіздер
Бүгінгі күн сіз үшін өте жақсы. Жеке өміріңізде жолыңыз болып, айыңыз оңынан туады. Тек өзіңізге не қажет екенін анықтап алыңыз.
Шаян
Бүгін белсенділік танытпайсыз. Бұл күтпеген оқиғаларға тап болуыңыздан болар бәлкім. Сіз ойламаған жағдайлар туындап, жоспарларыңыз бұзылуы мүмкін.
Арыстан
Әріптестермен басқосуға қолайлы күн. Жаңа қызметке ауысуыңыз мүмкін. Жаңа басшылықпен келіссөз жүргізіп, құжаттарға қол қоясыз.
Бикеш
Бүгін сізді көп өзгеріс күтіп тұр. Серіктестеріңізден бас тартып, өз идеяларыңызды жүзеге асырмайсыз. Идеяларыңызды қолдайтын жаңа басшылықпен келісімшартқа отырыңыз.  
Таразы 
Бүгін күш-қуатыңыз әлсірейді. Оған қарсы тұрудың қажеті жоқ. Бүгін әлсіздік танытсаңыз да, келесі күнге мол энергия жинап алуға болады. Бұл жағдайға еш көңіл-күйіңіз түспесін.
Сарышаян
Бүгін сіз үшін сәтті күн. Отбасыңызда жағдай өте жақсы. Бұл сізге қуаныш сыйлайды. Балаларыңыз да сізді қуантатын болады. Жақындарыңызға уәде беруден аулақ болыңыз. Тек бастаған істі соңына дейін жеткізіңіз.
Мерген
Керемет күн. Көңіл-күйіңізді көтеріңкі ұстауға тырысыңыз. Сіздер маңызды істерге ғана көңіл аударатын боласыздар. Тек бүгін тәуекелге бел бумағаныңыз жөн.
Тауешкі
Біліміңізді жетілдіруге құлшынысыңыз артып, жаңа идеялар пайда болады. Еңбегіңіз жемісті болмақ. Мемлекеттік мекемелерге өтінішпен кіріп, шаруаңызды шеше аласыз. 
Суқұйғыш
Өте керемет күн. Қиын жағдайда көмек қолын созатын жандар табылады. Жөндеу жұмыстарын бастауды немесе құрылыс жүргізуді ойлап жүрсеңіз, бүгінгі күн бұл шаруаларға өте сәтті болмақ
Балықтар
Жұлдыздар бүгін сіздің күшіңізді тексеретін болады. Өзіңізге не қажет екенін біле аласыз. Ең алдымен орындау керек маңызды шаруаларды алдыңғы шепке шығарасыз.

kyzylorda-news.kz
08 сәуір 2019 ж. 593 0