Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Тоқты
Кез-келген адаммен кез-келген тақырыпта сөйлесе аласыз. Осы орайда көп уақыттан бері кейінге қалдырылып келе жатқан жөндеу жұмыстарына қатысты мәселені шешкеніңіз жөн. Бүгін әскерлік әлеміндегі серіктесіңізді көпшілікке таныстыруға қолайлы күн.

Торпақ
Бүгін сіз әділетсіздікке жол бермейсіз. Сондықтан әлеуеті төмен топтың мүддесін қорғауға бекінесіз. Сіздің қолдауыңыз бен көмегіңізге зәру жандар сізді күтіп қалғаны анық.

Егіздер
Өте керемет күн. Әсіресе, ер адамдар үшін жақсы күн болмақ. Ол бұл күні қай бағытта болмасын табысты боларыңыз сөзсіз. Ал нәзікжандар сіздер бүгін үй шаруасынан босай алмайсыздар. Ұсақ-түйекке көңіліңізді түсірмей, әр күніңізден ләззат алыңыз.  

Шаян
Шығармашылық кеш ұйымдастыруға, ойларыңызды жүзеге асыруға таптырмас күн. Бүгін табысыңызды арттыруға немесе уақытша болса да ісіңізді алға жылжытуға қолайлы күн. Жұмыстың көптігінен абыройыңызға нұқсан келуі мүмкін.

Арыстан
Жетістікке тез жету жүйке жүйенің бұзылуына әкеп соғады. Әсіресе әйелдер қауымы табысқа жылдам жетемін деген ойыңызды мүлдем ұмытыңыз. Бұл белгідегі әйелдер қауымы табысқа тез жетудің жолын көздейді. Ал ер адамдар бұл күні жақын адамына және балаларына көп көңіл бөлу керек.

Бикеш
Бүгін жан дүниеңізді рухани жағынан байытасыз. Жақын адамдарыңыз сізден алшақтаған. Барлығымен бейбітшілік орнатуға тырысыңыз. Олармен жанжалдасып қалған болсаңыз бұл мәселе шешіледі. Ең бастысы ашкөздік, өзімшілдік танытуға болмайды.

Таразы
Шыққан биігіңізде қалу үшін ұсақ-түйекке мән бермеңіз. Күтпеген жерден кедергіге тап болу ең өршіл мақсаттарға жеткізетініне сеніңіз. Бүгін дүкен аралайтын болсаңыз жолыңыз болады. Тек бағалы тастардан жасалған әшекей бұйымдар алмағаныңыз жөн.  

Сарышаян
Өз кәсібіңіздегі жетістігіңіз қаржылық жағдайыңызға оң әсерін тигізеді. Барлық істі ақылмен бірге ішкі түйсігіңізге сүйене отырып шешіңіз. Эмоцияға берілмеңіз, әйтпесе бұл жағдай қаржылық тоқырауға әкеп соғуы мүмкін. .

Мерген
Сөзіңіздің растығын дәлелдеу және оған өзгелерді сендіру кез келген істе жетістікке жетелейді. Өз ұстанымдарыңыздан айнымаңыз. Тек асыра сілтеп жібермесеңіз болды. Өз-өзіңізге деген сенімділік жақындарыңыздың наразылығын тудыруы мүмкін.

Тауешкі
Саудаға қатысты істеріңіз алға қарай жылжып, күткен нәтижеге қол жеткізесіз. Жаңа табыс көздерін табуға мүмкіндік беретін идеялар пайда болады. Басы бос «тауешкі» белгісіндегілер бүгін екінші жартысын табатынына сенім мол.

Суқұйғыш
Бүгін белсенділік танытатын күн. Жіберген қателіктеріңіз үшін дұға жасаңыз. Ойланбай шешім қабылдауға болмайды. Бүгін басшылықпен немесе лауазымды тұлғамен іскерлік кездесу ұйымдастыруға болады. Жолыңыз болатынына сеніңіз.

Балықтар
Кез келген аяқ асты қабылданған шешім өзіңізге кесірін тигізеді. Сондықтан «Жеті рет өлшеп, бір рет кесіңіз» дегенді естен шығармаңыз. Жеке ісіңізде қиындықтар туындауы мүмкін.

kyzylorda-news.kz
19 ақпан 2019 ж. 761 0