Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Сенің көсемің Қожаниязов па?

Сенің көсемің Қожаниязов па?


Ауданға қарасты С.Сейфуллин ауылында кездесу өтетін болған. Оған қатысуға облыс орталығынан Әскербек Рахымбеков, Махмұтбай Әміреев және тағы бір ақын жігіт келіпті. Олар редакцияға әріптестерге сәлем берейік деп соғады. Алдымен, Мұхтар Сақтаповқа келеді. Сосын Балашбек Шағыровтың кабинетіне барады. Жауапты хатшының кабинетінде Лениннің суреті ілініп тұратын болған. Сөйтсе, әріптестер келерден үш күн бұрын Ерхан ағай оның орнына Серік Қожаниязовтың портрет суретін іліп қойыпты. Оны Бәкең байқамаған.
Суретті көрген облыстан келген әріптестер:
– Бәке, сенің көсемің Қожаниязов па? – деп әзілдепті.
Ақырын бұрылып қарапты да:
– Бәтшағарлар-ай, мұны кім істегенін білдім, – деген
көрінеді жай ғана.


Е.БЕРКІНБАЕВ
06 сәуір 2019 ж. 827 0