Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Анаға ақ тілек!

Анаға ақ тілек!


Ана бақыт, Ана-өмірдің шырағы
Ана аспан, Ана таудың бұлағы
Аналарға тағзым етіп бар әлем
Ақындардың арналған бар жыр әні
Көктем келсе кеудемізге нұр тұнып
Даламызда кетер жайнап құлпырып
Жаңа өмірге келіп жатқан сәбиде
Анасына қол созады ұмтылып
Ақ жүректен айтылып бар тілектер
Көңіл шалқып жыр толғайды жүректер
Тәтті үміттен тағылымды сезіммен
Анасына гүл сыйлайды түлектер
Алдымыздан ата берсін тан күліп
Қазақ елі-ел боп мәңгілік
Аналардың жүзі жайнап құлпырып
Атақтары шыға берсің жаңғырып
Бақытына қол жеткізіп іздеген
Бар үмітін ұрпағынан үзбеген
Ұл қызының көріп барлық қызығын
Мәңгі бақи жүре берсін бізбенен
Күй тербетіп шалқып бүгін даламыз
Шындыққа асып жатыр міне бар аңыз
Қуанышты ғұмыр кешіп біздермен
Қасымызда аман жүрсін бар анамыз.
Зарина ЖАРБОЛОВА
12 наурыз 2019 ж. 2 345 0