АНА ЖҮРЕГІ

– Бұлар кімдер, сығандар ма? – деп сұрадым, шеткі тұрған егделеу келген орыс әйелден.
– Қайдағы сыған, біздің орыстан басқа кім болушы еді, – деді әйел қынжылып. Біреу жақындап барып, жерде жатқан әйелге бірдеме деп еді, ол сол жатқан күйінде: – Сендер адам емессіңдер, – деп шаптықты. Өзінің жатқан жері тротуардың ойылып қалған жеріндегі шалшық су. – Сонда адам сен екенсің ғой, – деді тағы біреу. Мен еркектің көзіне қарағаныммен ештеңе ажыраты алмадым, түсінгенім дәл қазір одан бақытты ешкім жоқ, оның түсінігіндегі бақыт шамасы осы болу керек. Осылай тұрғанымызда автобус та келіп қалды да, бәрі соған лап қойды. Мен үлкен кісілерді алға жіберіп, кідіріңкіреп қалдым. Осы кезде жасамыстау келген тағы бір орыс әйел, әлгі кішкентай қызға: – Менімен бірге жүресің бе? – деп сұраған еді, әлгі қыз үнсіз басын изеді. Автобусқа мінгеннен кейін ішіндегі кісілер әлгі әйелге алғыс айтып жатты, ол әйел қыздың шашынан сипап, бір қолымен құшақтап тұрды. Бұл кішкентай қыздың да одан кейінгі тағдыры маған беймәлім, бірақ бұл оқиға ойымнан да, көз алдымнан да кетпей қойды. Әдетте, біздің санамызда ерлік тек соғыста ғана жасалады деген ұғым қалыптасқан. Аялдамадан түскеннен кейін де, үйге жеткенше осы бір қарапайым орыс әйелінің ерлігін ойлаумен болдым. Демек, бейбіт өмірде де ерлік бар екен. Шіркін, ана жүрегі! Ерлікке толы, махаббатқа толы, мейірімге толы, ана жүрегіне жететін не бар екен бұл дүниеде! Тіліне, түріне, нәсіліне қарамай-ақ барлық аналар бірдей болғаны ғой.
Б.МЫРЗАШ