Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

Қатты аяз болады

 
Қазгидромет күннің күрт суытуына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. «Қазақстан аумағынан антициклон өтуіне байланысты бірқатар облыстарда қатты аяз күтілуде.
22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде 35-40 градустық қатты аяз болуы мүмкін. 24-26 қаңтар күндері кей жерлерде – 45 градус, күндіз – 27-32, кей жерлерде – 35 градус аяз болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында. Астана қаласында да 23-26 қаңтарда түнде –35-40, күндіз – 27-32 градустық үскірік аяз болуы ықтимал.
19 қаңтар 2018 ж. 1 375 0