Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 21 мың теңгені қандай отбасылар алады: Атаулы көмекті алу үшін қалай есептеу керек

21 мың теңгені қандай отбасылар алады: Атаулы көмекті алу үшін қалай есептеу керек

Қазақстанда көпбалалы отбасылардағы әр балаға 21 мың теңгеден берілетін болды. Бұл атаулы көмек барлық отбасына беріле ме? Атаулы көмекті қалай есептейміз?

Күні кеше елбасының тапсырмасынан соң үкімет отырысында көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы жайлы айтылды. Көпбалалы отбасыра мен аз қамтылған отбасылардағы әр балаға 21 мың теңге төленетін болды. Алайда бұл соманы алу үшін отабсының табысы күн көріс дейгейінің 70 пайызы бойынша есептеледі. Қазір елімізде күнкөріс деңгейі 29 698 теңге. Бұған дейін осы соманың 50 пайызы есептеліп, 14 мың теңге деп саналды. Енді мемлекет басшысының тапсырмасынан соң бұл табыстың 70 пайызын есептейміз. Ол 20 789 теңге. Яғни, отбасының табысын орташа есепке шаққанда осы сомадан аспауы тиіс.

Мәселен, Отбасында анасы мен әкесі 65 мың жалақасы алатын болса, екеуін қосқанда 130 мыңға шығады. Оның отбасындағы 4 баласы мен ата-анасына, барлығы 6 адамға бөлгенде 21 мың теңгеден асады. Бұндай жағдайда күн көріс деңгейінена асып тұр. Яғни, атаулы көмек берілмейді. Атаулы көмекті алу үшін жан басына шаққандағы сома 20 789 теңгеден аспауы тиіс.

Атаулы көмек 1 шілдеден бастап беріле бастайды. Мұны рәсімдеу үшін қағазбастылық жұмытар азайтылып, жеңілдіктер жасалып жатыр. Аналардың жинауы тиіс кей құжаттарын әкімдіктің өзі реттейді. 
Ал, елімізде 1 шілдеден бастап әр саладағы қызметкерлердің жалақысы артады. Қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр.

stan.kz
01 наурыз 2019 ж. 2 284 1

Жұпар от 25 қаңтар 2021 01:31
Сәлеметсіздерме менің үш балам бар үиде бала  бағушымын еш жерде жұмыс жасамаймын  атаулы әлеуметтік көмек немесе атаулы әлеуметтік пакеті ала аламба?оған қандай құжаттар керек болады