Елімізде көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны ең төменгі жалақының жартысымен теңестіру ұсынылды
Сенаторлар көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақының жаңа мөлшерін ұсынды. Мұрат Бақтиярұлы төлемдерді ең төменгі жалақы мөлшерінен сәйкес еспептеу керектігін айтты. Жаңа жылдан бері ең төменгі жалағы мөлшері 42 500 теңгені құрайды. Депутаттың пікірінше, әлеуметтік жәрдемақылар осы соманың жартысына тең болуы тиіс, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.
«Әрбір балаға кәмілеттік жасқа жеткенше ең төменгі жалақының 50 пайызын төлеу мүмкіндігін қарау керек. Жәрдемақыны тағайындаған кезде шәкіртақы, бірге тұрып жатқан ата-әжесінің зейнетақысы, мүгедек баланың күтіміне арналған жәрдемақы түріндегі төлемдерді есепке алудың керегі жоқ», - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы.
Сонымен қатар сенатор «Үлкен отбасы» арнайы мемлекеттік бағдарламасын құру керектігін айтты. Ол баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Ресми мәлімет бойынша, елімізде 340 мыңнан аса көпбалалы отбасыы тұрып жатыр. Олардың дені балаларымен бірге кішкентай үйде немесе уақытша баспанада күн көріп отыр. Басқа амалдары жоқ: жақсы үйді жалдауға немесе сатып алуға ақша жетпейді. Жаңа бағдарламаның аясында көпбалалы отбасыларға жеке кезек құрып, оларды бастапқы жарнадан бостау ұсынылып отыр.