Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АРМАНСЫЗ АДАМ ҚАНАТСЫЗ ҚҰСПЕН ТЕҢ

АРМАНСЫЗ АДАМ ҚАНАТСЫЗ ҚҰСПЕН ТЕҢ

«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» деп айтамыз. Сол сияқты менің де қанатты армандарым көп болған. Соның ең бастысы - бір командада ойнап чемпион болу бақытын армандадым және бұл арманыма да жеттім.
Көгалдағы хоккейден Қазақстан Респуб­ликасының сан мәрте чемпионы болып, жеңіс шыңынан көріндім. 2010 жылы кезекті рет ҚР-ның чемпионы болып спорт шебері атағына ие болдым. Қазақстан құрамасы көгалдағы хоккейден Азия ойындарына жолдама алу үшін Тайланд астанасы Бангкок қаласында өткен жарыста Қытай, Сингапур, Таиланд, Пәкістан, Индонезия секілді тәжірибелі командалармен тең дәрежеде күш сынастым. Ұлттық құрама мүшесімін.
Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы – Сырдария жастары үшін үлкен қуаныш. Мен Жолдауды тыңдап отыр­ғанда қатты қуандым. Өйткені алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақ­стан­ды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда.


Нұрхан Сансызбаев,
жас спортшы:
26 ақпан 2019 ж. 962 0