КЕЛЕШЕГІМІЗ КЕМЕЛДЕНЕ ТҮСПЕК
Мен «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қолға алынған «English for Jastar» әлеуметтік жобасының Сырдария ауданы бойынша еріктісімін. Жоба ауыл жастарын ағылшын тіліне тегін оқып үйренуіне жан-жақты қолдау көрсетті. Жоба аясында аудан бойынша 90 жас, ал облыс бойынша 350 оқушы ағылшын тілін тегін үйренді. Оқушыларымыздың тіл үйренуге деген құлшыныстары жоғары. Жоба аясында оқушыларымызды «Нұр Отан» партиясының қолдауымен әлемнің үздік оқу орны «Oxford» университетінің кітаптарымен, әдістерімен оқыттық. Осының арқасында олар тілді меңгеріп, әлем әдебиеттерін оқып, озық елдердің тарихын, мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды. Жоба аяқталғаннан кейін оқушылар сынама тест тапсырып, жақсы деңгейде көрсеткіш көрсетіп, сертификаттарға ие болды.
Қорыта келгенде, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны - Қазақстанын жанындай сүйіп, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,-деп, жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын етейік. Сондықтан да мен жастық жалынымды, жаңашылдығымды еліміздің өркендеуі мен жас ұрпақтың тәрбиесіне арнаймын.
Айдана Жәкиева,
№35 И.Тоқтыбаев атындағы
мектеп-лицей мұғалімі:
№35 И.Тоқтыбаев атындағы
мектеп-лицей мұғалімі: