Облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты жылды табысты қорытындылады

Өткен жылдың наурыз айында «Жаңа әлемге жол саламыз» ұранымен «Жас Отан» Жастар қанатының IV съезі өтті. Съезде Жасотандықтарға жаңа міндеттер жүктеліп, алдына жаңа мақсаттар қойылды. Съезд ізімен өңірімізде облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен 500 жастың қатысуымен «Жаңа әлемдегі жастар келбеті» атты облыстық жастар форумы ұйымдастырылды. Форумға облыс әкімі Қ.Е. Көшербаев арнайы қатысты. Форумның қорытындысымен «Жаңа әлемдегі жастар келбеті» атты 2021 жылға дейінгі тұжырымдама қабылданды.

«Сәтті қадам» Партиялық жобасы аясында оқушылардың мамандық таңдау бағытындағы жұмыстарға қолдау көрсету мақсатында 2018 оқу жылында 9-11 сынып аралығындағы 1700 оқушы жергілікті кәсіпорындардың, зауыттардың, цехтардың жұмыстарымен танысты.
«English for jastar» партиялық жобасы аясында облысымызда табысты жүзеге асырылды. Облыстың барлық 7 ауданында 11 ерікті ағылшын тілін оқушыларға тегін оқытты. Еріктілерге оқушыларды ағылшын тіліне оқытуға барлық жағдайлар жасалып, жан-жақты қолдаулар көрсетілде. Қазіргі таңда облысымыздың 350 оқушысы ағылшын тілін тегін үйренді. Жобаның нәтижелі жүзеге асырылуына облыстық партия филиалымен «Жас Отан» Жастар қанаты жұмыла жұмыстар атқарды.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Digital Nation» жобасы іске қосылды. Жоба аясында жастарға Цифрландырудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында талқылау алаңдары ұйымдастырылды және киберспорттан түрлі сайыстар ұйымдастырылуда. Жобаны жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі жанындағы ақпараттық технологиялар орталығымен, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, IT паркпен, «КазРоботикс» федерациясының филиалымен тығыз жұмыстар жүргізілуде. «Гранд мастер» бағдарламалау мектебімен жасалған меморандум аясында жаңа жобалар іске асуда. Меморандум аясында IT сабақтарға ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, жағдай төмен отбасынан шыққан балалар жеңілдікпен оқытылады. Мұнымен қоса жуық арада облыстық «Жас Отан» ЖҚ-ның «Жас Отан Орда» атты ресми сайты іске қосылатын болады.
Жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнес ментор» жобасы аймағымызда табысты жүзеге асуда. Жоба аясында ірі кәсіпкерлермен кәсібін жаңа бастаған жастардың байланысын арттыру көзделеді. Қазіргі таңда аймағымыздағы 15 кәсіпкер, 15 жас кәсіпкерге менторлық қолдаулар көрсетуде.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың тікелей қолдауымен биыл қараша айының 27-28 күндері аралығында аймағымызда бірінші рет «Нұр Отан» партиясының ауыспалы кубогіне арналған XVI Республикалық пікірсайыстан турнирі жоғары деңгейде өткізілді. Республикалық турнирге 14 аймақтан пікірсайысшы топтар қатысып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Жыл басынан «Жас Отан» Жастар қанаты түрлі жаңа бағыттарда 250 іс-шара ұйымдастырды.2019 жыл Елбасымыздың жарлығымен жастар жылы деп жарияланғаны мәлім. Облыстық «Жас Отан» ЖҚ-ның Жастар жылына арналған арнайы жұмыс жоспары бекітілді.
Жылдық қорытынды кешке «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев қатысып жыл бойына белсенді қызмет атқарған жасотандықтарды алғыс хаттармен марапаттады. Мұнымен қоса облыстық «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Талғат Тілес жастар жылы қарсаңында қолға алынған жобаларды, бастамаларды таныстырып және номинация жеңімпаздарын марапаттады.
Облыстық «Жас Отан» Жастар қанатының «Жыл белсендісі» номинациясымен Ержан Ерболұлы, «Үздік аудандық бөлімше» номинациясымен Шиелі ауданы, «Үздік оқу орнындағы бөлімше» номинациясымен «Болашақ» колледжі, «Үздік серіктестік» номинациясымен «Абзал и к» ЖШС директоры Мағжан Ералиев марапатталды.
Пікір 1