Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «ENGLISH FOR JASTAR» БЕРЕРІ МОЛ ЖОБА

«ENGLISH FOR JASTAR» БЕРЕРІ МОЛ ЖОБА


«Нұр Отан» партиясының «English for jastar» жобасы аясында Қызылорда облысында еріктілер жасақталып, ауылды елді-мекендердегі оқушыларды және жастарды ағылшын тіліне оқыту қолға алынды.
Жобаның тікелей үйлестірушісі, жүзеге асырушы «Жас Отан» Жастар қанаты. Ең алдымен 19 ерікті жобаға қатысуға ниет білдірді. Жобаға қатысушы еріктілер тестілеуден және сұхбаттасудан өтті. Нәтижесінде 11 ерікті іріктеліп таңдалды. Жобаға іріктелген еріктілер арнайы семинар-оқытулардан өткізілді. Олар екі ай бойы Қызылорда облысының барлық жеті ауданында (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған) қызмет ететін болады. Еріктілер қажетті оқыту әдістемелік құралдарымен, кітаптарымен қамтамасыз етілді. Мұнымен қоса балаларды оқытуға толық жағдай жасалды. Еріктінің оқытуға арналған орны, 3 мезгіл тамақтануы, жататын жері толық қарастырылған.
Жоба аясында ниетті оқушыларды толығымен қамту жоспарлануда. Жоба мақсаты ауыл жастарының ағылшын тілін тегін оқуына жағдай жасау, ағылшын тілін үйренуіне жан-жақты қолдаулар көрсету. Сабақтар «English club» және т.б. бағыттарда жүргізіледі. 20 қыркүйекте еріктілер ресми түрде өзінің жұмыстарына кірісті.

https://syr-media.kz/
21 қыркүйек 2018 ж. 925 0