Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЙТА БОСАҒАН ОРЫН (Күле отырыңыз)

ҚАЙТА БОСАҒАН ОРЫН (Күле отырыңыз)



Бір адам қалаға көше сыпырушы болып жұмысқа тұрыпты. Ол таңертеңнен кешке дейін көше тазалайды екен. Түс мезгілінде сыпырғышын жерге қойып тынығып отырса, бір кәдімгі маймыл сыпырғышты алып, көшені сыпыра жөнеледі екен. Бұл жағдай көпке сөзылыпты. Мұны бір күні әкімшіліктің шаруашылық бөлімінің басшысы көріп қалып көше сыпыратын адамды кабинетіне шақырып алып:
-Сен бүгінен бастап жұмыстан боссың?
-Неге?
-Көшені маймыл сыпыра алады екен. Саған бюджеттен босқа айлық төлеп отырмыз-депті. 
Көше тазалаушы мойны салбырап үйіне кетіпті. Жарты жылдан соң жаңағы адамға әкімшіліктен үйіне телефон соғыпты.
-Әлеу, бұл акиматтан ғой, сен бізге көше сыпыруға керексің...
-Маймыл бар емес пе?
-Маймыл қазір, шаруашылық бөлімінің басшысы болып кетті. Орның бос тұр –деген екен...

Нұрлыбек Жұбатқан,
Фб парақшасынан
25 шілде 2018 ж. 1 461 0