Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қазпошта 9 мың қызметкерінің жалақысын көбейтеді

Қазпошта 9 мың қызметкерінің жалақысын көбейтеді


2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, "Қазпошта" АҚ 9 мың қызметкері 9%-ке көбірек еңбекақы алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 "Елбасының жаңа бастамаларына сәйкес, барлық нормативтік-құқықтық актілер қабылданған соң, 9 мың қызметкеріміздің жалақысын 9%-ке көтеру мүмкіндігіне ие боламыз", - деді "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, 5 наурыз күні ҚР Президенті төмен жалақы алатындардың жеке табыс салығын 1%-ке дейін төмендетуді тапсырған еді.  ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап  25 АЕК-тен аз жалақы алатын жұмыскерлерге салынатын жеке табыс салығының мөлшерін 1 пайызға төмендейтінін, табыс салығын азайтудан шығатын қаржының жалақыны көтеруге бағытталатынын мәлім етті.
Сонымен бірге, Сәкен Сәрсенов компанияда ынталандыру бағдарламасы жұмыс істейтінін атап өтті. Ай сайын қызметкердің еңбек көрсеткішіне сәйкес, қосымша ақы төленеді. Тіпті кей қызметкерлер тұтас жалақымен бірдей болатын қосымша ақы алады. Қазпоштадағы орташа еңбекақы 109 мың теңгені құрайды.  
12 наурыз 2018 ж. 1 103 0