Асхана тақтайын тазалағыңыз келсе...
Асхана тақтайын үнемі пайдаланатындықтан, тағамның майы, иісі тез сіңіп қалады. Мұндайды ыдыс жуатын құралмен кетіру қиын. Әдетте асығыстықпен үстіне ыстық шәугімді қойып, күйдіріп аламыз, пышақпен сырамыз. Олай болса, кезекті материалымызда оны оңай тазарту жолын қарастырайық.
Оны тазалау үшін бізге лимон мен ірі немесе теңіз тұзы қажет болады. Алдымен лимонды екі бөлікке бөліп, артынша оның көмегімен тақтайдың бетін сүртеміз. Бетіне тұз жағып, 10-15 минутқа қалдырамыз.
Енді лимонның қалдығымен бетін жақсылап ысқылаймыз.
Соңында сумен жақсылап жуып, кептіреміз. Әрине бұл әдіспен сырылған жерлерін қалпына келтіру қиынға соғады. Алайда күйіктің іздері мен сіңіп қалған иісті бірден жоюға болады.