Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БЕЛГІЛІ ЖАЗУШЫ ӨТЕГЕН ЖАППАРХАН "СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" АТАНДЫ

БЕЛГІЛІ ЖАЗУШЫ ӨТЕГЕН ЖАППАРХАН "СЫРДАРИЯ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ" АТАНДЫ

Белгілі жазушы, Қазақстанның құрметті журналисі Өтеген Жаппархан "Сырдария ауданының Құрметті азаматы" атанды.
Жазушыға құрметті атақты аудан әкімі Ғ.Қазантаев жыл қорытындысы бойынша өткен салтанатты іс-шарада табыс етті.
Айта кету керек, Өтеген Жаппархан 1938 жылы Сырдария ауданының бұрынғы Коммунизм ұжымшарында дүниеге келген. Ол ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факултетін бітіргеннен кейін «Коммунизм таңы» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 1962-1975 жылдары Қызылорда облыстық радиохабары және телевизия басқармасында редактор, бас редактор болып еңбек еткен. Сонымен қатар, 1975-1977 жылдары облыстық «Ленин жолы» («Сыр бойы») газетінде, 1977–2003 жылдары «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің Жезқазған, Қызылорда облыстарындағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарған. Жазушының 3 сатиралық кітабы жарық көрген.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
29 желтоқсан 2018 ж. 1 633 0