Белгілі журналист «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары боп тағайындалды
Кеше «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметіне Ержан Байтілес тағайындалды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
Ержан Айтөреұлы 1981 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында дүниеге келген. Мамандығы - журналист.1998-2002 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика факультетінде жоғары білім алған. Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақстан» газетінде тілшіліктен бастаған ол 2005-2008 жылдары республикалық «Ақ жол Қазақстан» газетінде аға тілші, 2005-2008 жылдары «Алматы Ақшамы» газетінде бөлім меңгерушісі, «Ақшам-ақпарат» тобының жетекшісі, 2008-2011 жылдары республикалық «Ана тілі» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2011 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге дейін республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі болған. 2016 жылдан бастап VІ шақырылған Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекелік медальдарымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің, Алматы қаласы әкімдігінің Алғыс хаты мен Қызылорда облысы әкімдігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.