Календарь қалай пайда болған?
Адамзат жаралған кезден бастап күнпарақ («календарь») қажеттігі туа бастаған. Алайда жазу-сызуы жоқ, жартылай тағы күйде өмір сүрген адамдар күнпарақ жасай алмағаны белгілі.
Дегенмен, күнделікті тірлік оларды табиғат сырына үңілуге мәжбүр етті. Бірте-бірте табиғаттың жаз, күз, көктем, қыс секілді маусымдарға бөлінетінін, өздеріне қажетті өсімдік, шөп атаулыны қай уақытта жинап, қай уақытта аң аулау қолайлы екендігін айқын ажырата алатын дәрежеге жетті. Сол кездегі жаратылыс құбылыстарын уақыттарға бөлуді ғалымдар «халықтық табиғи күнпарақ» деп атады.
Дерек көзі: "Ана тілі " газеті
Пікір 2