ЖИТС: МИЛЛИОННЫҢ ТАҒДЫРЫ ДЕРТКЕ БАЙЛАНҒАН
«Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» демекші жан саулығы адамның басты байлығы. Қашанда денсаулықтың қадір-қасиетін ұғыну арқылы өзімізді жағымсыз фактордан қорғау міндетіміз. Шындығында әлем халқының тұтастай бөлігінде сан алуан дерт жайлаған құбылыс белең алғаны қай заман? Дүниежүзінің басым бөлігінде адами капиталды сақтап қалуға арналған сан түрлі ғылыми зерттеулер сүзгіден өтіп, тәжірибе жүзінде пайдаланылып келеді. Өткен ғасырдың сексенінші жылдары жаңа вирустың өршу қаупі бірте-бірте сезіле бастағаны белгілі. Келешектің тамырына балта шабудың нақ көрінісі түйткілді мәселеге әкеліп соқтырады. Демек, біз айтпақ ниетте отырған вирустың ауқымы кеңейіп, сол бір уақытта алпауыт ғылым падишаларының бас ауруына айналды. Ендеше, өткен ғасырдың қорқынышты факторына айналған жүре пайда болған иммундық тапшылықтың синдромы, яғни ЖИТС хақында біз не білуіміз қажет?
Миллиондаған адамның бүгінгі жай-күйі баршамызға беймәлім. Қоғамнан тасада өмір сүретін олардың дерті дендегін сәтте ақ халатты абзал жандардың қарекеті нағыз еңбекпен бағаланады. Негізінен вирусты тудырушы күш үш бағытқа қарай бұрылады. Жалпы алғанда адам ЖИТС-ты жұқтыру арқылы қауіпті қатерге тап болатыны сөзсіз. Ең керегі адамға тазалықтың қатаң қағидатын ұстану мақсатты міндетіне кіреді. Вирустың түбірін қазбалаған сәтте адам ағзасының қорғаныс механизмі зақымдалып, түрлі деңгейдегі аурушаңдық белгісі өршіп, жоғарғы сатыға жетеді. Көзсіз құмарту түбінде құрдымға итермелейді. Сақтану шарасы қолданылмаған жағдайда ең алдымен вирустың қабылдағыш қасиетін өзіңізге бейімдеп аласыз. Дертпен күресетін иммундық жүйеңіз күннен-күнге әлсірей түседі. Гигиеналық тазалық функциясы өміріңіздің бір бөлшегіне айналғаны дұрыс. Шалыс әрекет салдарынан өкініш өзегі арылмайтыны тағы бар. Қай кезде де адам басқа түскенде қана өз-өзін тежейді. Салғырттық, сын көтермейтін қызмет сапасы адам өмірін арашалап алып қала алмайды. Сіздің бұған дейінгі бақытты ғұмырыңыз болмашы қателіктің құрбаны болмауына тікелей жауаптысыз.
Ежелден дәретсіз сәбиін емізбеген текті қазақтың бойында нағыз тазалықтың нышаны әу-бастан байқалады. Иненің көзінен өткен саңылаудан орны толмас қайғы арқалайтынымыз өкінішті. Бұған дәлел ретінде екі жақты көзқарастың пайда болуы себепкер. Бірінші кезекте адам ағзасының өз-өзін тежеусіз тәуелділікке шалдығуы. Сонымен қатар, дертке душар болған науқас вирус жайлы бей-хабар болған тұста келісі адамға қанын беру, бұрын пайдаланылған құралды, инені тұтыну арқылы келесі тұлғаны өз қатарына қоса алады. Баланың басты қамқоршысы ананың денсаулығы вирусты жұқтырған мезетте емшек сүтімен тамақтандыру өте қауіпті саналады. «Сау адам біреудің жарасы ауырып отырғанын білмейді» дегендей қашанда өзгенің таңсығына көңіл бөле қарау қалыпты өмірде жиі кездеседі. Жан-жақты іздене отырып, қатерді болдырмау алғышарттарын жүзеге асыру маңызды. Инфекцияның қарапайым адамның көз жасында сақталатыны, жұлын сұйығында, тағы да басқа дене мүшесінде болуы алаңдататын жәйт.
Осы ретте инфекцияның таралу географиясы алғаш Батыс Еуропа елдерінде етек алып, бұдан кейін жалпы дүниежүзіне айқын ене бастайды. Өмір сүру жасына қарамастан миллиондаған әлем тұрғындары кеселдің кесірінен күн санап көз жұмуда. Мұндағы басты мақсат айналадағы байланыста қауіпсіздікті барынша мұқият назарда ұстау. Күмәнді ой туындаған сәтте кез-келген ЖИТС орталығына барып, жасырын түрде тексерілу салауатты өмір салтын қалыптастырудың басты қағидаты. Күніне мыңдаған адам жер бетінде осы дертпен ауыратындығын білу, әрине, қорқынышты. Кеселдің қалыпты қоршаған ортада жүріп-ақ, сырқатқа шалдыққаны аңғарылмайды. Тек жоғарыда аталған гигиеналық талапты орындау қажет. Сонда ғана қауіпсіз ортада алаңсыз ғұмыр кеше аласыз.
Жер бетіндегі әрбір тұлғаны жанды тауар деп алатын болсақ, оның басты қозғалыстағы әрекеті тіршілік көзі. Минут сайын кез-келген қиындыққа тап болмауына кім кепіл? ЖИТС инфекцияның қоздырушы нысаны адам ағзасы екені мәлім. Вирус қоғамдағы жанды тауарға залал келтіру мақсатында әп-сәтте түрленіп шыға келеді. Екі тауардың өзара әрекеттесуі арқылы келесі бір тұлғаның қоздырғыш иммундық жүйесі төмендеп, кеселге шалдығу процесі жүзеге асады. Мұндай жағдайда ағзаның күрескерлігі қаншалықты аурушаңдықты жеңуге қауқарлы екендігі анықталады. Тұтастай қоғамның бірлігі бір арнаға жұмылған тұста немқұрайлық еш уақытта орын алмайды. Қайта дертке шалдығудың жылма-жыл көрсеткіші төмендейді.
Лас әрекет, мейірімсіз қоғам, абайсызда орын алған ағаттық, денсаулықтың қадірін кеш түсіну секілді факторлардың айғағы ЖИТС дертіне шалдығудың негізгі баспалдағы. Осыдан 35 жыл бұрын француз ғалымы Л.Монтанье дабыл қаққан инфекциямен күресте барлық тұлға өзіндік үлесін қосу қажет. Сонда ғана кеселдің одан сайын өршуіне тоқтам болады.
Балтабай ОРДАБЕКОВ,
журналист