Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ - ЖАСТАРДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРГЕН ЖАҢА БАҒДАР

ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ - ЖАСТАРДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРГЕН ЖАҢА БАҒДАР


«Egemen Qazaqstan» газетінен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқып, керемет әсер алдым.
Кешегіміз түгенделмей, бүгінгіміз бүтінделмейді. Кешегімізді түгендеу дегеніміз-барыңды бағалай білу, ата-бабаларымыздан қалған, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан асыл мұраны сақтай білу.
Асыл мұра-ұлтымыздың тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тілі, яғни, дүниедегі барлық өмірлік, моральдық құндылықтар. «Ұлы даланың жеті қыры: атқа міну мәдениеті, ежелгі металлургия, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны» деп нақтылап көрсетуінде үлкен мән бар.
Ұлттық рухты оятатын Елбасы мақаласын аудан жастары зор ықыласпен қабылдайды деп білемін. Өйткені Елбасының осындай келелі ой қозғап, көпшілікке ой салуы қоғамды рухани жаңғырту бағытындағы игі бастама. Өткенімізді мақтан тұтып, бүгінгі күнді бағалай білу, болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі.

Сәуле СЫЗДЫҚОВА
Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының маманы
24 қараша 2018 ж. 1 235 0