МӘҢГІЛІК ЕЛ ТАРИХЫНА ТЫҢ ПАЙЫМ

Елбасының бұл жолғы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жоғарыда мен атап өткен бағдарламалардың жалғасы ретінде қабылдадық. Маңызды мақалада Мемлекет басшысы Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарап, өткенімізді қазіргі заманауи ғылыми тұрғыда зерделеуге, түп-тамырымызды ұғып-білуге шақырады. Сонымен бірге, Ұлы даланың жеті қырын жан-жақты ой елегінен өткізіп, оларды зерделеуге бағытталған арнайы жобаларды ұсынған.
Ұлы даланың ұлы есімдерін ұлықтау мақсатында тарихи тұлғаларымыз бен олардың жетістіктерінің құрметіне нақты жұмыстар атқаруға мән берген ел Президенті бұл жолғы мақаласына бірқатар ұсыныстарын да енгізген. Бұл ретте, біздің ауданымызда еңбек ардагерлеріне, ауданнан шыққан ұлт мақтанаштарының құрметіне арналып жаңа музей ашылып, ілкімді жұмыс іске асқанын және алдағы уақытта да осы бағытта жұмыстар жүргізілетінін айтқанымыз дұрыс.
Бүгінде "Еңбек Даңқы музейі" аға буынға құрметтің белгісіне, "Құрметті азаматтар аллеясы" ұрпақтар сабақтасығының жарқын көрінісіне айналды. Ұлт тарихын санаға сіңіру бойынша жоспарланған жоба ата-бабамыздың ұлы жолын ұлықтап, жастардың бойында ұлтжандылық сезімін қалыптастырғаны сөзсіз. Міне, Елбасы мақаласында осындай нәтижелі жұмыстарды жүзеге асыру қажеттігі айтылған.
Қорыта айтқанда, жаңа форматтағы жаңа жобаларды жүзеге асыру жас ұрпақтың ел тарихына қызығушылығын, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырары анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқи отырып, бойымды Ұлы дала перзентіне тән мақтаныш кернеді. Жалпы, тағылымды тарихтан өнеге алудың, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің тиімді тұстары көп.
Ақтөре Ибрагимұлы,
аудан әкімі аппаратының аударма ісі жөніндегі редакторы,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
аудан әкімі аппаратының аударма ісі жөніндегі редакторы,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі