Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ТАРИХИ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР

ТАРИХИ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР


Мемлекет басшысы халыққа Жолдауын елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту жөніндегі міндеттерге арнады.
Елбасы Н.Назарбаев шағын және орта бизнеске рақымшылық жасауды тапсырды. Өйткені бұл маңызды қадам біздің экономикамызды көлеңкелі бизнестің алдын алуға көмектеседі. Әрине бұл қарыздардар барлық кәсіпкерлерге берілетіндігін білдірмейді. Олар құжаттаманы тәртіппен қоюға және жұмысты жаңадан бастауға мүмкіндік алады.
Президентіміз маңызды құжатта  білімге ерекше назар аударды. Біздің аймақта үш аусымдық оқуы бар мектептер жоқ. Бірақ басқа өңірлерде бұл мәселе әлі де бар және олар оның қаншалықты қиын екенін де біледі. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін жергілікті басшылар мұқият қарауға тиіс.
Сондай-ақ, Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі қарапайым орта мектептерге енгізілетіні белгілі болды. Мен мұнымен толық келісемін. Себебі, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» сапалы білім бағытымен болашаққа қанат қақтыратын білімпаздарды даярлауға толық мүмкіндігі қалыптасқан.
Қорыта айтқанда, тәжірибе көрсеткендей, Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың басшылығымен қабылданған барлық реформалар мен шаралар елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына, қарапайым қазақстандықтардың өмір сапасына оң әсерін тигізеді.

Алмагүл БОЖАНОВА
Ардагер, қоғам қайраткері
05 қазан 2018 ж. 1 288 0