Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№78 газет

14 қазан 2025 ж.

№77 газет

11 қазан 2025 ж.

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » СЫРДАРИЯЛЫҚ МЕКТЕП ТҮЛЕГІ ӨЗІ ОҚЫҒАН БІЛІМ ОРДАСЫНА ФОТОСУРЕТТЕР СТЕНДТІН ТАРТУ ЕТТІ

СЫРДАРИЯЛЫҚ МЕКТЕП ТҮЛЕГІ ӨЗІ ОҚЫҒАН БІЛІМ ОРДАСЫНА ФОТОСУРЕТТЕР СТЕНДТІН ТАРТУ ЕТТІ


Сырдария ауданына қарасты Қалжан ахун ауылынан елімізге белгілі көптеген тұлғалар түлеп-ұшқан. Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өзіндік үлестерін қосқан олардың әрбірі жерлестер мақтанышы.
Жақында аталған ауылдың тумасы, Қызылорда облысы әкімінің "Сыр үміті" жастар сыйлығының иегері, жайдарман ойындарының жұлдызы Бақытбек Қарамырзаев өзі білім алған орта мектепке арнайы фотосуреттер стендтін сыйға тартты.
Стендте ауыл мектебінде ұстаздық қызмет атқарған, шәкірттерге сапалы білім, саналы тәрбие берген мерейлі мұғалімдердің суреттері ілінген. Сонымен қатар, "Қалдырған ізің мәңгілік..." деген жазу жазылған.
Мектеп түлегінің ерекше тартуына педагогикалық ұжым қызметкерлері дән риза. Туған жермен байланысын үзбеген жастар жанашыры алдағы уақытта да өзі туып-өскен ауылға қамқорлық көрсетуге дайын. Ол ауылдың талантты жастарын қолдау - ел дамуын алға жетелейді деп санайды.
06 қазан 2018 ж. 1 256 0