Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Жол қозғалысы ережелерін білу – қауіпсіздік негізі!

Жол қозғалысы ережелерін білу – қауіпсіздік негізі!


Жарақаттанудан қаза болудың алдыңғы қатар себептерінің бірі жол-көлік оқиғасы болып табылады. Жол қозғалысы ережесін бұзудың ең өрескел қателіктерінің бірі - мас күйінде көлік басқару болып табылады. Соңғы жылы Қазақстанда 27 мың адам жол-көлік оқиғасынан зардап шекті, ал 3 мыңы автомобиль дөңгелектері астында қаза тапты. Әрбір үшінші оқиға мас күйінде көлік айдаған жүргізушілердің кінәсінен болған. Жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша «ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН БІЛУ – ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗІ» ұлттық бағдарламасы аясында өткен онкүндікте салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы ретінде 2018 жылғы «Жас жол инспекторлары» конкурсының жеңімпаздарымен бірлесіп кент көшелеріндегі автокөлік жүргізушілеріне ағарту жұмыстарын жүргізіп, жол көлік оқиғаларының басты себептерімен күресу, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық танымдық материалдарды тараттық.
Дұрыс көрсетілген алғашқы медициналық көмек, көбінесе жәбірленушінің өмірін құтқару, емделу уақытын қысқарту, жарақаттардың жылдам сауығуында маңызды рөл атқарады.

Г. Жанәлиева,
«Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС
Сырдария ауданы бойынша маманы
29 қыркүйек 2018 ж. 3 950 0