ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЕРЕЖЕЛЕРІН БІЛУ – ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗІ
Соңғы жылдары көлік санының күрт өсуінен «ұлттық апат» сипатына ие көптеген проблемалар, оның ішінде жолкөлік жарақаттануларының туындауына алып келді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамына сәйкес, 2030 жылға қарай жол апаттары инфекциялық генез бен қант диабеті ауруларынан кейін адам өлімінің 7-ші себебі болуы мүмкін. Жыл сайын 1,2 млн. астам адам жолкөлік оқиғаларынан құрбанына айналып отыр, 20-50 млн. жуық адам түрлі дене жарақатын алады, бұл мәселенің шамасы мен ауырлығын көрсетеді.
Жақында жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатымен «Жол қозғалысы ережелерін білу – қауіпсіздіктің негізі» ұлттық бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен №35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің «Жас жол инспекторлары» аудандық конкурсының жеңімпаздарымен бірлескен шара өтті. Амбулаториялық- емханалық қызметі бар аудандық орталық ауруханасына келген газель маршруттары мен жеке автокөлік жүргізушілеріне санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіліп, ақпараттықтанымдық үнпарақтар таратылды.
Айдана МАРАТҚЫЗЫ