Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН ҰСТАЗ

ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРГЕН ҰСТАЗ


«Білімді ұрпақ – ел болашағы: Бұл өзгермейтін қағида. Жас ұрпаққа саналы да мағыналы, сапалы білім беру бүгінгі күні мұғалімге қойылатын талабы. Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр», – деген болатын. Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің білгірі болу емес, танымы терең, білімділік пен ақпараттық сауаттылықты талап етеді. Заман талабына сай білім беруде үш тілді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істеп жатқан мұғалімдердің бірі Жанат Сәрсенбекқызы. Жанат №37 мектеп-лицейдің биология пәнінің мұғалімі.
Ел Президенті Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үштілді болуы, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс. Еуропада көптілділік қалыпты нормаға айналған, бізде осы қатардан міндетті түрде табылуға тиіспіз. Ағылшын тілін кең тұрғыда білмей, ұлттың нағыз бәсекеге қабілеттілігі туралы айту қиын», – деді. Бұл тұрғыда жаңартылған білім беру бағдарламасына көшкен білім саласы үштілділік саясатын жүзеге асыруда, – деді Ж.Сәрсенбекқызы. Ол былтырғы оқу жылында Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде «Тілдік құзіреттілік» білім беру бағдарламасы аясында «Физика, химия, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту» курсынан өтті. Курсты жоғары деңгейде аяқтаған аймақтағы 20 мұғалімнің қатарындағы Жанат пән мен тілді кіріктіріп оқыды. Сабақты жүргізу және басқару әдістерін меңгеру, оқушыларды ағылшын тілін оқуға ынталандырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін меңгерді.
Халықаралық стандарттарға сай келетін Назарбаев зияткерлік мектебінде бейімделуден өткен ұстаз аудандағы осы курсты бітірген төрт маманның бірі ретінде «Professional Development Center» орталығының куәлігі мен Кембридж Университетінің «EMI Skills» және «СЕРТ» сертификатын алды.
Биология пәнінен терминология факультативі негізінде ағылшынша жүргізетін Жанат Сәрсенбекқызы мектеп-лицейдің 8-9-10 сыныптарында оқытуды бастады.
– Оқушылардың ағылшын тілінде өтетін сабаққа қызығушылығы өте жақсы. Үш тілді білуге, пәннің терминдерін ағылшынша үйренуге деген талаптары бар. Олар ағылшын тілін танудың, түсінудің, дамытудың құралы екенін түсінді. Тіл білу арқылы бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасатындарын ұғынды, – дейді Жанат Сәрсенбекқызы.
Білімі мен білігі жоғары ұлағатты ұстаз екі бірдей жоғары диплом иегері. Бірінші мамандығы эколог болғандықтан болар оның қоршаған ортаға деген көзқарасы ерекше. Ол өзінің шәкірті Әлихан Өмірбаевпен «Болашақтың қуаты – жасыл экономика» тақырыбында «Жас ғалым – 2016» облыстық ғылыми жоба қорғаудан жүлделі орын алды. Тағы бір оқушысы Аружан Амангелдиева «Зерде» конкурсының аудандық кезеңінде екінші орын алды. Жанат 10 «А» сыныбына жетекшілік етеді. Оқушыларының арасындағы жаратылыстану пәндерін таңдағандары бар. Олар ұстаздарын мақтан етіп, бос уақыттарын тілді меңгеруге арнайды.

Б.ЖАНӘЛІ
29 қыркүйек 2018 ж. 1 518 2

Гость JeaOrer от 16 ақпан 2019 12:25
Purchase Doxycycline Online Pastillas Cialis Funciona Buying Ciallis On The Net Reviews http://drugsed.com Cod Only Acticin Scabies Where To Purchase Medication Comprar Cialis A Contrareembolso

Гость JeaOrer от 6 наурыз 2019 13:41
Viagro п»їcialis Cialis Precio Con Receta Cialis 20 Mg Efectos Comprar Cialis En Estados Unidos