СЫРҒА ТОЛЫ САЯХАТ (ЭССЕ)
«Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат» республикалық өлкетану акциясышеңберінде біз Ақмола облысынан жетпіс оқушы Сыр өңіріне саяхаттап келдік. Мектеп оқушыларына арналған «Өлкетану» жобасына алғысымыз шексіз. 25 тамыз күні Қызылордаға келген жас саяхатшыларды Қызылорда қаласындағы теміржол станциясынан облыстық білім басқармасының мамандары өте жақсы қарсы алды.
Қазақ қашаннан қонақжай, дархан, мәрт мінезді халық қой. Қызылордалықтар бізді Қазанғап атындағы музыкалық колледждің жатаханасына орналастырды. Бұл қаланың орталығы екен.
Саяхатты ұйымдастырушылар алғашы күні-ақ біз қаланың көрікті жерлерімен таныстырды. Атап айтсақ, алдымен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейін араладық. Сыр өңірінің ежелгі, ортағасырлық және жаңа өмір тарихын қамтыған түрлі залдардан, әсіресе археология залынан көп мағұлматтарға қанықтық.
Мұнан соң Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасымен таныстық. Ұлттық ойын түрлерінен командалық сайыстар, интелектуалды байқаулар өткізді. Осындай танымдық шаралардың да куәсі болдық. Ал кешкілік Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев атындағы саябақта серуендедік.
Келесі күні аты аңызға айналған Қорқыт атамыздың құрметіне қойылған мемориалды ескерткіш кешеніне жолға шықтық. Кешен облыс орталығынан онша алыс емес екен. Өзі үлкен тас жолдың бойында.
Алыстан көрінген ескеркіш кешен шынымен де ғажап екен. Ол жердегі музейден біз Қорқыт Ата туралы аңыздар тындап, әлемдегі түркі елдеріне ортақ ойшылдың өмір жолымен таныстық. Музей қызметкері экскурсовод Айгүл Бекмаханова апай ұлы музыкант, ойшыл бабамызға қатысты қызықты деректер, аңыз-әпсаналар айтып, мұндағы құнды экспонаттармен таныстырды.
Қорқыт Ата мемориалды кешеніне кіргеннен өзімді ерекше сезіндім. Кешеннің аумағы ат шаптырым жерді алып жатыр. Қобыз пішіндес ескерткіштен желдің соғуымен шыққан қобыздың сырлы үні құлағыма әлі естіліп тұрғандай. Бұл жерде де суретке түстік.
Саяхатымыздың келесі нысаны Байқоңыр ғарыш айлағы болды. Байқоңыр қаласы тіптен бөлек әлем секілді. Ғарыш қақпасы болған қала тарихын естіп, көрікті жерлерін көріп қана қоймай, музейдегі академик С.П.Королев туралы, ғарышқа алғаш ұшқан Ю.Гагарин туралы қызықты ақпараттар білдік.
Сапарамыздың үшінші күнінде Жаңақорған ауданындағы ортағасырлық Сығанақ қалашығына бардық. Сырға толы Сығанақ қалашығы туралы керемет аңыздарды тыңдап, осындағы археологиялық қазба жұмыстарына куә болдық. Қайтар жолда Шиелі ауданындағы Нартай Бекежанов атындағы музей мен Шиелі аудандық тарихи-өлкетану музейі араладық.
Кешкілік Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» кешенінде мәнерлеп сырғанудан жас қызылордалықтардың өнерін тамашаладық. Өзіміз де коньки тебудің қыр-сырына қанықтық. Қызылордалықтар қонақтарын ереке құрметтейді екен, бізге естелік сыйлар табыстап, салтанатты түрде шығарып салды. Біздің үш күндік танымдық сапарымызды қызықты етіп ұйымдастырған Қызылорда облыстық білім басқармасына айтар алғысымыз шексіз.
Осылайша, біз қызыққа толы қысқа мерзім ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының оқушыларға арналған «Өлкетану» жобасы аясында Сыр өңірінің шежіресіне қанықтық. Енді Сыр елінің мәдениеті мен тарихын, киелі жерлері туралы көрген-білгенімізді ата-ана, сыныптас достарымызбен бөлісетін боламыз. Өйткені, бізде әсерлі естеліктер көп.
«Қызылорда облысындағы Қазақстанның киелі жерлеріне саяхат» республикалық өлкетану акциясына келген жас саяхатшылардың атынан ризашылығымды осы жазба арқылы білдіремін.
Мерей АМАНГЕЛДИНОВ,
Ақмола облысы, Бурабай ауданы
№5 орта мектебінің оқушысы