Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Туған өлке тарихынан сыр шерткен байқау

Туған өлке тарихынан сыр шерткен байқау


Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы жариялаған «Туған жерге тағзым» әлеуметтік жобасы аясында «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстанның табиғаты» тақырыбында үздік фото және бейнематериалдар мен  «Атаулар сыр шертеді» тақырыбындағы үздік пост байқауы өз мәресіне жетті.
«Қазақстанның табиғаты» тақырыбындағы үздік фото және бейнематериалдар байқауының мақсаты туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, Қазақстанның табиғатын насихаттау, жас ұрпақтың бойына Отанға, Атамекенге деген патриоттық сезімдерін арттыру болса, «Атаулар сыр шертеді» байқауы Қызылорда облысындағы жер-су атауларының байырғы және қазіргі атауларына зерттеу жасау, жастарға туған өлкенің тарихы мен дәстүрін насихаттауды өз алдына мақсат еткен болатын. Фото және бейнематериалар байқауына Сыр медиа ЖШС-ның фотокорреспонденті  Нұржаубай Нұрболат– әділқазылар төрағасы, ардагер фототілші Омаралиев Болат, филология ғылымдарының кандидаты Тұяқбаев Ғабит, облыс әкімі баспасөз орталығының фототілшісі Есжанов Бағдат, «Сыр медия» ЖШС жанынан ашылған «Рухани жаңғыру»  орталығының директоры Мыңжас Нұрлыбек  әділқазылық етті. Ал үздік пост байқауына келіп  түскен материалдарға филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры Абасилов Аман, блогер Әбжаппаров Фархат,  «Сыр бойы» газеті редакторының орынбасары  Жетпісбаев Мұрат, «Kyzylorda-News»  Қызылорда облыстық интернет газетінің редакторы Дәуіржан Елубаев, «Сыр бойы» газетінің бөлім меңгерушісі  Жалғасова Гүлжазира сараптама жасады. Әділқазылар алқасы сараптама нәтижесінде мынадай қорытындыға келді: «Атаулар сыр шертеді» байқауы бойынша 1-орынға Әшірапбаева Маржан лайық деп танылды. Ал Мадалхан Данабек екінші орын иеленсе, 3-орын Әбдіжаппарова Ұлжанға бұйырды.
«Қазақстанның табиғаты» байқауына фото және бейнероликтерін ұсынғандардың ішінен Сейіткәрім Елубаев үздік деп танылса, екінші орын Қаныш Жетпісбайға, үшінші орын Оразбек Аружанға бұйырды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 
24 шілде 2018 ж. 1 691 0