Қыркүйекте Астанада жол ақысы 1 теңге болады
Жол ақысын sms-хабарлама және мобильдік қосымша арқылы төлеу аясында еліміздегі «Билайн» ұялы байланыс операторы жолаушылар үшін арнайы науқан енгізіп, оның аясында әдеттегі 90 теңге көлеміндегі жол ақысының 89 теңгесін жолаушы үшін төлеуге дайын. Бұл жөнінде Бүгін қалалық әкімдікте өткен Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысында «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердиев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бекмырза Игенбердиев Астанада жол ақысын мобильдік қосымша немесе sms-хабарлама арқылы төлеуге болатынын мәлімдеген болатын.
Ақмарал Шағатай
Бекмырза Игенбердиев Астанада жол ақысын мобильдік қосымша немесе sms-хабарлама арқылы төлеуге болатынын мәлімдеген болатын.
«Билайн ұялы байланыс операторы жолаушыларға арналған науқан ұсынады. Билайн мобильді байланысты қолданатын жолаушылар жолақыны СМС арқылы төлеген жағдайда, 1 теңге төлесе, қалған 89 теңгені Билайн төлейтін болады. Акция қыркүйек айында басталып, бір айға созылады. Содан кейін 2018 жылдың соңына дейін әр дүйсенбі сайын жүргізіледі», - деді Игенбердиев.Сонымен қатар, ЖШС басшысы мәлім еткендей, алдағы уақытта кобрендинг карталары іске қосылатын болады.
«Бұл жолаушыларға екі карта орнына бір карта қолдану мүмкіндігін береді. Пайдаланушыға міндетті түрде көлік карталарын сатып алу қажеттілігі болмайды. Олар өздеріне қызмет көрсететін банктерден дуал карталар ала алады. Пилоттық жоба аясында Еуразия банкімен бірлесіп, алғашқы 3-5 мың карта іске қосылады», - деген ол алдағы уақытта басқа банктерді де іске қосу жоспарда бар екенін айтты.Қоғамдық тыңдау барысында мәлім болғандай, сараланған тарифтің енгізілуімен астаналық тасымалдаушылардың табысы артқан. Жаңа тариф енгізілген алғашқы апталардың қорытындылары бойынша автопарктердің табысының 15% көлеңкелі табыстан шыққан.
«Алдағы уақытта Астананың қоғамдық көлік пайдаланушыларында көлік карталарын мобильді қосымша арқылы қашықтықтан толтыру мүмкіндігі пайда болады. Beeline мен Kcell/Activ ұялы байланыс операторларының клиенттері арнайы қысқа нөмірге көлік картасының нөмірі мен төлем сомасы бар SMS жолдап, көлік картасының теңгерімінің қашықтықтан толтыра алады», - деді басқарма төрағасы.Еске сала кетсек, астаналықтар жол ақысын телефон көмегімен SMS не мобильді қосымша арқылы сол мезетте төлеуге болатынын хабарлаған болатынбыз.
Ақмарал Шағатай
Пікір 2