Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нәресте киiмiн түнде далаға қалдыруға болмайды

Нәресте киiмiн түнде далаға қалдыруға болмайды


✅ “Қазақтың ырым-сырымдары бiт­пейдi екен, осы, – дедi жақында бiр танысым. – “Айға қарап түкiрме...” дегендi естiдiң бе? Түнде кiм айға қарап түкiредi?” “Бар. Тойдан шыққан мас адам түкiредi, – деймiн танысыммен келiспей. – Кiм не ойласа өз еркi, ал мен ырым-тыйымдарға сенемiн”. Сөйтiп, өз басымнан өткен жайтты әлгi танысыма басынан аяғына дейiн әңгiмелеп бердiм. Сiз де тыңдаңыз, оқырман! 

✅ Бойжетiп, күйеуге шығып, сәбилi болдым. Көктемнiң шуақты күндерiнiң бiрiнде екi айлық бөпемнiң киiмдерiн жуып, далаға жайып қойдым. Менiң Алматыда тұрғанымды мақтаныш көре ме, апам: “Жататын жерiң жоқ болса, қызымның үйiне бар” деп, мен танитын-танымайтын адамдарға мекенжайымды берiп, жiберетiн едi. Сол күнi де апамның “қонақтары” келе қалып, жуған кiрiмдi жинап алуды ұмытып кетiппiн. Түннiң бiр уағында қызым шыңғырып жылап оянды. Екi айлық сәбидiң бұлайша шыңғырғанын бұрын да, кейiн де естiген емеспiн. Таң атқанша жылауын қоймады. Үйдегi қонақтар: “Бiздiң көзiмiз тиiп қалды ма?” – деп, кезек-кезек келiп түкiрiп жатыр. Сағат 8 болмай жатып қызымды көтерiп, емханаға бардық. Дәрiгерлер дене қызуын өлшедi, ары-берi тексердi, бiрақ ештеңе таппады. Не емшек ембейдi, не ұйықтамайды, iшегiн тартып жылай бередi, жылай бередi. Дәрiгерлер де аң-таң. Сөйтiп олар жауапкершi­лiк­тi өздерiне алуға қорқып, “суық тиген” деп, жедел жәрдем шақырып, қызым екеумiздi салып жiбердi. 

✅ Екi күн ауруханада жаттық. Дәрi­герлер ешқандай ем қабылдамады, себебi “бақылаймыз” дедi. Қызым саябырлатқанымен жылағанын қоймады. Не емшек ембейдi. Не түнде, не күндiз ұйқы жоқ. Бiр таңғаларлығы – екi күн бойы жылаған сәбиiмнiң дене қызуы көтерiлмедi ғой. Үшiншi күнi түске таман ғана қызым жылағанын қойды. Күйеуiм телефон шалды: “Қойды ма жылағанын?” – деп. “Оны қайдан бiлесiң?” – дедiм әбден шаршаған мен аузымды әрең қимылдатып. Ол не болғанын айтып бердi. 

✅ “Қонақтарынан” бiздiң жағдайымызды естiген анам асығып-аптығып бiздiң үйге келген ғой. Қорада жайылып тұрған қызымның киiмдерiн көредi. Жинап алып, шешiнбестен оларды аластайды. Содан кейiн бәрiн ойқастата қиып, отқа жағады. “Телефон шал анауыңа (менi айтқаны), жылағанын қойып па немерем?” – дептi барлығы бiткеннен кейiн. 

✅ Анамның ылғи бiзге “Баланың киiмдерiн түнде сыртта қалдыруға болмайды, жын-шайтан әуес келедi”
26 желтоқсан 2017 ж. 2 073 0