Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қара жұмысшыдан миллионерге дейін: Вайнер Жека табысқа қалай жетті?

Қара жұмысшыдан миллионерге дейін: Вайнер Жека табысқа қалай жетті?


Zheka Fatbelly кезінде қара жұмысшы ал, Ratbek пицца тасушы болған десем сенбеуіңіз мүмкін. Бүгінде бір-бір бизнестің құлағын ұстап, киноөндіріске де қадам басқан вайнерлер, расында да бұрын 40 мың теңге жалақыға өмір сүрген.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
40 мың теңге айлық – Нағимушаның ұстаздық еткендегі табысы. Ол ағылшын тілінен мектепте сабақ берген. Бүгінде, кірісі әлдеқайда ұлғайғанын айтады. Танымалдылық оның киноөндіріске жолын ашып, бірнеше комедияның рөлін де бұйыртқан.
“Жақсы табыс, барлық жерде таниды. Қайда барғың келсе, сонда жолыңды ашуға болады. Саясат болса, бірақ маған ол керек емес… Модельдік бизнес болса кетіп қалуға болады. Мен өзім үшін киноны аштым”, – дейді вайнер Нағима Ахметова.
Нағимушамен бірге киноәлеміне қадам басқан Ратбек Байенов те, кезінде арланбай-ақ түрлі іспен еңбектеніп нанын тапқан.
“Пицца тасып жүрдім. Ол кезде осылай сұхбат беріп тұрамын деп ойламаппын. Айына 90 мыңдай табатынмын”, – дейді вайнер Ратбек Байенов.
“Қарапайым қазақтың баласы болдым, бар мүмкіншілігім бойынша тіршілік істедім. Жұмыс істедім”, – дейді вайнер Жеңіс Омаров.
Ауқатты жанұяда туылмаса да, Zheka Fatbelly қазір мейрамханалар желісінің иесі. Мұндай жетістікке оны вайндары жеткізген.
«Юфреймдік» Артур Асқарұлының әкесі саясаткер, анасы белгілі тележүргізуші Гүлмира Дайрабаева. Сондықтан, оған жұмыс істеп күнелтетіндей мұқтаждық болмаған. Дегенмен, мектеп жасынан вайнерлікті бастап, бүгінде, бірнеше бизнесті шыр айналдырып, табысты кәсіпкер атанып үлгерді.
“Бүгінде маркетинг мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Бизнес пен маркетинг егіз ұғым. Сондықтан, болашағыма аса қажет мамандық”, – дейді Артур Асқарұлы.
Блогерлер бірауыздан вайн түсіріп жүріп-ақ, бақуатты болуға әбден болатынын растайды.
30 қараша 2017 ж. 2 267 0